«Бала қорғау» чаты тәулік бойы жұмыс істейді

 

Әсел ДАҒЖАН

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі жазғы демалыс қарсаңында жыл сайын 1 және 12 маусым аралығында «Балалар еңбегін қанауға қарсы 12 күн» Ұлттық ақпараттық науқанын өткізеді.

Балалардың құқығын қорғау жұмыстары қалада қалай жүргізіліп жатқандығы және оны кімдердің қадағалайтындығы жайлы қала әкімдігінде өткен онлайн брифинг кезінде Алматы қаласының Білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті !басшысының орынбасары Гүлдана Омарова айтып өтті.

–             Балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау – мемлекет саясатының негізгі бағыттарының бірі. Дегенмен, балаларға қамқорлық ең алдымен ата-ананың міндеті. ҚР «Бала құқығын қорғау» Заңының 24-бабына сәйкес ата-анасы немесе басқа да заңды өкілдері баланың жан-жақты дамуы үшiн қажеттi өмір сүру жағдайын жасауға, баланы тәрбиелеп, оны !күтiп-бағуды жүзеге асыруға міндетті,  – деді спикер.

Айта кетейік, аталған департамент мемлекеттік органдармен, үкіметтік емес және басқа да ұйымдармен баланың құқықтарын қорғау, бала асырап алу, қорғаншылық, қамқоршылық, патронат, қабылдау және қонақтайтын отбасы, балалардың қадағалаусыз !қалуы мен панасыздығына қарсы! жарияланған жағымсыз ақпараттарға назар аударып (жазатайым оқиғалар, құқық бұзушылық деректері, суицид және т.б. жағдайлар), «Бала қорғау» чаты мен ҚР БҒМ call-орталықтарына келіп түскен сұрақтарға шұғыл әрекет етеміз, – деді Гүлдана Омарова.

Дегенмен, жыл сайын балаларға қатысты қоғамда жазатайым оқиғалар болып тұратыны жасырын емес. Ата-анасы немесе басқа да заңды өкілдерінің баланы қараусыз қалдырғандықтан, бүлдіршіндердің терезеден құлауы, жол апатына түсу, суға шомылу кезінде түрлі қайғылы оқиға орын алып жатады.

ҚР БҒМ ата-аналар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу үшін телеграмм арнасында «Бала қорғау» чатын ұйымдастырды. Онда балалар мен ата-аналарға көмек көрсету тәулік бойы жүргізіледі.

Сөз соңында спикер «Балалар еңбегін қанауға қарсы 12 күн» ақпараттық науқаны жайлы айтты.

–             Науқанды өткізудегі мақсат – қоғам назарын, ересектерді, балаларды және олардың ата-аналарын балалар еңбегінің ең нашар түрлерін қолданудың алдын алу мәселелеріне аудару және осы саладағы құқықтық ақпараттандыру, – деп түйіндеді.

Айта кетейік, 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *