Бала мәселесiн шешуден шет қалмаңыз

Биылғы ҚР Үкiметi жанындағы кәмелетке толмағандардың iсi және олардың құқықтарын қорғау жөнiндегi ведомствоаралық комиссияның кезектi XI отырысы әкiмдердiң орынбасарлары, бiлiм беру мекемелерiнiң басшылары, жастар саясаты және Астана және Алматы қалалары, облыстық Балалардың құқықтарын қорғау департаменттерiнiң қатысуымен on-line режимде өткiзiлген едi.

Осы отырыста қарастырылған мәселелер бiздiң қаламызда да бар. Алматы қаласы Балалардың құқықтарын қорғау департаментiнiң қоғамдық қабылдауына есептiк кезеңде зорлық-зомбылық және психологиялық қысым көрсету бойынша 16 адамнан арыз-шағым, телефон арқылы 59 өтiнiш келiп түстi. Арыз-шағымдар бойынша Департамент қызметкерлерi жедел түрде жауап қайтарып, аса күрделi мәселелерге байланысты комиссия құрылып, мекен-жайға шықты. Мәселен, Ювеналды полиция бөлiмiнiң қыз меткерлерiмен 42 мекен жайға шығу ұйымдастырылды, бiрлескен 50-ден астам рейд жүзеге асырылды, 13 iс бойынша 22 сот отырысына қатысты.

Отырысқа қатысушылар жағдайды жан-жақты қарастырып, кезеңдердi белгiлеп, балалардың өмiрi мен денсаулығына қатысты зорлық-зомбылық көрсетуден қорғау жөнiнде бiрыңғай жүйе құру туралы шешiм шығару ұйғарылды.

Аталған мәселелер бойынша бiрқатар жұмыстар атқарылса да бұл тұрғыда мемлекеттiк органдар деңгейiнде мәселенiң шешiлуi құптарлық жәйт. Бұл шараға Үкiметтiк емес ұйымдарды, ата-аналар мен жұртшылықты кеңiнен тарту iстiң алға басуына ықпал етедi.

С. БЕКЕТАЕВА, Алматы қаласы Балалардың құқықтарын қорғау департаментiнiң директоры.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *