Бала күлсе – әлем күледі

Балалар үйінде мерекелік шара ұйымдастырылды

Айкерім РАЙЫСҚЫЗЫ

 

Алматы қаласының іргесінде орналас­қан Абай елді-мекеніндегі «Перзент» балалар үйінде бүгінде әр түрлі тағдырмен түскен 70 бала тәрбиеленіп жатыр. Сол жетпістің алпысы – ұл, оны – қыз. Мұндағы тәрбиеленушілердің ең үлкені 36 жаста болса, ең кішісі тәй-тәй басып жүр. Балалар үйінің басшысы Әмина қажы әр баланың мұнда қалай, қанша жасында келгені жайлы жатқа біледі әрі оны айтып беруден жалыққан емес. Жетпіс баланы бір бірінен бөле жармай, бәрінің басынан бірдей сипап отырған апаны мұндағы­лардың бәрі дерлік анасын­дай көреді. Көктемгі мерекелер белең алысымен, мұнда көтеріңкі көңіл-күй орнап, ән мен би салтанат құрды.  «Ақорда» республи­калық қозғалысының төрағасы Қайрат Сатыбалдыұлының қолдауымен «Алғыс айту» күніне және 8 наурыз – Халық­аралық әйелдер күні қарсаңында балалар үйінің тәрбиелену­шілері мен тәрбиеші­леріне арналып кон­церттік бағдарлама қойылды. Шараның басты мақсаты – еліміздің жаңа тарихи кезеңге аяқ басу сәтінде жасөпірімдер мен балалардың санасына рухани жаңғыру жолында алдыңғы ұрпақтан мирас болып қалған ізгі қасиеттерді сіңіру.

Мерекелік шараға «Құлансаз» филар­мо­ниялық-этнографиялық ансамблі келіп, өнерін ортаға салды. 1970 жылы Н.Тілендиев, Ә.Бейсеуовтің бастамасымен құрылған ансамбльге бүгінде Абзал Қуанышұлы басшылық етеді екен. Бірі әнші, бірі биші боламын деген балалардың даусын естіген өнерпаздар қандай талант­ты адам шықса да көрерменнің арасынан шығатынын айтып, жиналған жұртшы­лықтың арасында болашақ үздік әнші мен биші отыруы мүмкін екенін алға тартты. Жазу жазатын үлкен тақта, кеңсе тауарлары мен доптар ала келген қонақ­тар «жерде бір бала қуанса, көкте мың періште шаттанады» деп тарасты.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *