Балаға жан жылуын беруді ұмытпайық!

Алмалы ауданы №96 жалпы білім беретін мек­тепте 800-ден астам әртүрлі ұлт өкілдерінің балалары білім алады. Соның ішін­дегі 74 оқушыға міндетті оқу заңынан бөлінетін қаражат есебінен жағдайы төмен, жартылай жетім, көпбалалы, ата-ана    қам­қор­лы­ғынан  айрылған оқушыларға мате­риалдык көмек көрсе­тіледі. Мектеп әкімшілігімен қатар, ата-аналар жағынан да әр балаға дер кезінде жүрек жылуы көбірек берілсе, нұр үстіне нұр болар еді. Алдағы уақытта мектеп жанынан оқушыларға әлеуметтік қаржылай көмек көрсету жоспарланып отыр. Дегенмен, ата-аналардың өз парызын әр уақыт есте ұстағаны ұтымды.

Біз, үлкендер жағы, қатыгездікке салынып, бала­ны қорқытып, ұрып, ұрсу сияқты жазалау түрлерін қолданамыз. Қоршаған ортаның үлкендерге қарағанда балаға берер ықпалы мен пайдасы мол. Сондықтан баламен көбірек әңгімелесіп, көп көңіл бөлген тиімді.

Әр ата-ана өз баласына «Менің балам – менің ең жақын досым» деп қарасаң, балаңызбен барлық жа­ғынан ашық әңгімелесуге болады. Ол сізді түсі­неді және үлкендер сияқты жауапкершілікті сезінеді. Балаға деген жан жылуын ұмытпайық, ағайын!

Айгүл ОРАЗОВА, №96 мектептің әлеуметтік мүғалімі.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Оқи отырыңыз!

Close