Балаға ешкі сүтін дұрыс берсе, аллергия болмайды

Бала ботқа жеуге үйренген кезде ботқаға қосатын майды ешкі сүтімен алмастырсаңыз болады. Жаңа туған нәрестеге ана сүтінен асқан азық жоқ екені белгілі. Бірақ көп ана белгілі себептермен баласына омырау сүтін бере алмайды. Әрине, оған балама ретінде ешкі сүтін берген абзал. 

Жалпы, ешкі сүтінен нәресте салмақ жақсы қосады екен. Өйткені,  ешкі сүті балаға жақсы сіңеді және аллергия туғызбайтын көрінеді. Ол үшін ыстық сүт пен  суды 1:5 өлшемінде қосып беру керек. Бұл 1,5 жасқа дейінгі балаға арналған мөлшер болып табылады. Ал енді бір жасқа толмаған балаға ешкі сүті негізінде жасалған қоспа берген дұрыс болып табылады.

Себебі, ешкі сүтінде лактоза аз болады екен. Әрі оның құрамында сүт қанты да аз болғандықтан, баланың ұйқы безінде мәселе туындамайды дейді. Ал оны екі жастан бастап қайнаған сумен 1:2 өлшемінде беруге де болады. Егер үйде ешкі болмаса, онда сүтті өзіңіз толық сенетін адамнан ғана алу керек екен. Сосын сүт піскен соң міндетті түрде оның көбігін алып тастау қажет.

Өйткені, сүт құрамындағы пайдалы «таурин амин қышқылы» баланың иммунитетін жақсартып, оның өсуі мен дамуына көмектеседі екен. Бұл ретте балада тұмау болып, инфекция тараса, ол онымен жақсы күресетін көрінеді. Сондықтан да ешкі сүтін үнемі ішіп өскен баланың тісі тез шығып, ол сау әрі берік болады. Олай дейтіні, сүт А, В дәру­мендерін, калий мен кальцийді жақсы сіңіретін көрінеді. Сөйтіп, ағзаға тез сіңетін болғандықтан ешкі сүтін ішкен бала жиі құспайды. Оның үстіне ешкі сүтін нәрестеге дұрыс бере білсеңіз, ол ешқандай аллергияға жол бермейді. Сондай-ақ, сүтте болатын дерматит пен диатез кезінде де көмектесетін көрінеді.

Қалай берген дұрыс?

Алты айға толмаған бала омырау еме алмаса, оған қоспа берген абзал. Алты айдан асқан балаға ғана ешкі сүтін бір шай қасықтан беріп бастап, ағзасын ақырындап үйреткен жөн. Уақыт өткен сайын аз-аздан мөлшерін көбейтіп отырып бір жасқа жеткенде 100 мл.-ге дейін беруге болады, ал сосын бір жарым жасқа келгенде бұл көрсеткішті 200 мл.-ге көбейтсеңіз болады. Оны да ыстық сумен 1:5 қатынасында қосып бересіз. Екі жаста 1:2 қатынасында 200–250 мл., 3 жасында 400 мл. сүтке дейін көбейтесіз.

Бала ботқа жеуге үйренген кезде ботқаға қосатын майды ешкі сүтімен алмастырсаңыз болады. Балаға беретін ешкі сүтін тоңазытқышта не мұздатқышта 24 секунд ұстаған жөн екен.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *