Балғын бояу иелерінің байқауы

Елбасымыз Н.Назарбаевтың «Бола­шаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарла­малық мақаласы аясында қалалық Білім басқармасының қолда­уымен Оқушылар сарайының көрме залында жас суретші­лердің байқауы болып өткен еді.

Байқауға қала мектептерінде оқитын 10–17 жас аралығындағы 157 оқушы қаты­сып, өздерінің бояу өнеріне деген қызығушылықтарын дәлелдеді. Бұл байқау барысында жас суретшілердің эсте­тикалық, патриот­тық сезімдері қалып­тасып, көркем өнерге деген ықы­лас­тарын байқатты. Құрамында елімізге белгілі суретші­лер бар әділқазылар алқасы балғын бояу иелерінің жұмысына баға беріп, шығармашылықты дамытып отырған өнер мектептерінің атқарып отырған жұмыстарына жоғары баға берді.

Өткізіліп отырған байқауда бала­лар өз жұмыстарын ұсынып қана қой­ған жоқ, басқа да оқушылардың жұмыс­тарын тамашалап, өзара тәжі­рибе алмасты. Оқушылар байқауға қатысып, өздеріне көптеген достар тауып қайтты.

 

Іңкәр ШАҒЫРБАЙ.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *