Байлар қалта телефонын ұстамайды

Мына бір қызық дерек назар аудар­тады. Байлар мен ықпалды адамдар мобильді телефондарды, компьютер, интернеттерді пайдаланбауды қолайлы көреді. Компьютер мен интернеттен бас тарту — бұл бірінші кезекте өзіңнің және бизнесіңнің қауіпсіздігін сақтау көрінеді.

Мәселен, американдық кәсіпкер, аса ірі инвестор, байлығы 84,9 млрд. долларды құрайтын Уоррен Баффетт қалта телефонын ұстамайды, компью­тер қолданбайды. Сондай-ақ, ұзақ уақыт 1963 жылы шыққан көлікпен жүрген.

Ал мексикандық миллиардер Карлос Слим болса бизнесі, бәсекелестері жөнін­дегі барлық ақпараттарды басын­да сақтайды. Бұл ол үшін ешуақытта жоғалмайтын сенімді қойма болып табылады.

Американдық медиамагнат Самнер Редстоун компьютерді пайдалануды мүлдем ойламайды. Ресейлік мил­лиардер Михаил Прохоров ешқашан қалта телефонын ұстаған емес. Байла­ныс үшін электронды поштаны пайда­ла­нады. Интернеттегі ақпараттар тасқы­нынан аулақ жүреді.

АҚШ-тың бейсбол лигасының бас иеленушісі Бад Селинг ешқашан электронды поштаны қолданбаған және қажет деп таппайды.

Ал енді АҚШ-тың жоғарғы соты­ның мүшелері болса қолмен жазылған дүниелерін көмекшілері арқылы жол­дайды. Электронды пошталарды әдейі қолданбайды.

Дейтұрғанмен де, бүгінде технология жетістіктерінсіз жұмыс істеу мүмкін емес екенін ойласақ, байлар мен белгілі іскер адамдар үшін оны пайдаланудың қажеттілігі де жоқ қой, есесіне оларға сонша көмекші өндіріп жұмыс істейді.

 

Қ.ИМАН.   

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Оқи отырыңыз!

Close