Байланысшылар БИЛЬЯРДТАН БАҚ СЫНАДЫ

«Қазақтелеком» АҚ қызметкері Марат Мұхаметжановты еске алуға арналған тастаяқ турнирін байланыс саласының көшбасшысы «Алматытелеком» өткізді. Турнирде «Қазақтелеком» АҚ-ның филиалдарынан 10 команда, 29 бильярдшы бақ сынады.

Нұрлан СҮЙІН

Турнир бильярд спортының барлық ережелеріне сай өткізіліп, қатысушы екі жеңілістен соң жарыстан шығып отырды.

Тастаяқ турнирін ашып берген «Алма­ты­телеком» ӨТД қаржы директоры Тимур Айтпенов жарыстың оныншы рет өткізіліп отырғанын атап өтті.

Тартысты өткен турнирде командалық жүлделі орындар төмендегідей болды:

1-орын – «KT CL» ЖШС бильярд командасы,

2-орын – «Қазақтелеком» АҚ орталық аппараты,

3-орын – Телекомуникация және инфрақұрылым нысандарын салушы құры­лыс Дирекциясы.

Жеке ойыншылар арасында да жина­ған ұпайына сай жеңімпаз анықталды. «KT CL» ЖШС қызметкері Бауыржан Нұр­шаинов 2016-2017 жылдардағы чемпион­дарды жеңіп, ең көп ұпаймен турнирдің жеңімпазы атанды.

Салауатты өмірді жолға қойған «Алматы­телекомда» осындай спорттық іс-шаралар тұрақты өтіп тұрады. Жарыс­тардың байланысшылардың белсенді демалысына, спорттың барлық түрін дамытуға, салауат­ты өмір салтын қалып­тас­тыруына әсері зор.

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *