Байланыс саласының бірегейі

«Алматытелеком» ӨТД 2017 жылдың қорытындысы бойынша «Қазақтелеком» АҚ филиалдары арасында 1-орынға ие болды

 

Нұрлан СҮЙІН 

 

2017 жылдың қорытындысы бойынша «Алматытелеком» өңірлік телекоммуникация дирекциясы «Қазақтелеком» АҚ компаниясы­ның ең үздік филиалы атанды.

Ұжым қызметкерлерінің бірлесе атқарған жұмыстарының арқасында 2017 жылы филиал алдына қойылған барлық міндеттерді табысты аяқтап, келесі нәтижелерге қол жеткізді:  «Қазақтеле­ком» АҚ филиалдары арасында кәсіп­орынның үлесі Кең­жолақты қосылыс қызметі бойынша 38%, телевидение қызметі бойынша 66% және есептелген кіріс үлесі 63% құрады.

«Алматытелеком» ӨТД Бас дирек­торы Шерхан Раздықов филиалдың жеткен жетістіктеріне филиал ұжы­мының қосқан үлесін ерекше атап өтті.

Өткен жыл қорытындысы бойынша біздің филиал «Қазақте­леком» АҚ филиалдары арасында табыстар мен сату көлемі бойынша бірінші орынға ие болды. Біздің еңбегіміз жоғары бағаланды және бұл жетістікті сақтап қалу біздің алдыға қойған мақсатымыз болмақ. Компа­нияның дамуы мен өркен­деуіне біздің филиалдың қосқан үлесін көру біз үшін үлкен мәртебе. Сондай-ақ, филиал ұжымына сіз­дермен жеткен жетіс­тіктер үшін алғыс айтқым келеді. Әрине, бұл  әрбір филиал қызмет­керінің өз ісінің шебері екендігін және компания басшыларының бізге жұмыс жасауға ыңғайлы жағдай жасауының арқасы деп білемін. Сондай-ақ, компания клиенттерін де атап өткен жөн болар, себебі біз тұтыну­шы­ларымыздың сұраныста­рына байла­нысты еңбек етеміз, бұл біздің одан әрі дамып, күшейе түсуімізге септігін тигізеді. Біз барлық ұжым мүшелері бірлігі арқасында Алматы қаласы мен Алматы облысы бойынша телеком­муникация қызметтері бойынша жеткеші орынды сақтап, одан әрі алға жылжи алмақпыз, –  деп атап өтті өз сөзінде Шерхан Пертайұлы.

Бүгінде «Алматытелеком» өңірлік телекоммуникация дирекциясында 3500-ден астам қызметкер жұмыс атқарады және де олардың барлығы филиал алдына жүктелген міндет­терді орындауға бар күш-жігерін салуда. Жоғарғы білікті мамандар, тұтынушылар тарапынан көр­сетілген қолдау мен сенім, «Алматы­теле­ком» ӨТД менеджмент саласының айқын және нақты міндеттерінің арқасында компания жылдан-жылға даму үстінде.

 

Керек дерек

 

Бүгінгі таңда «Алматытелеком» өңірлік телекоммуникация дирекциясы «Қазақтелеком» АҚ-ның ең ірі филиалы болып табылады. Филиалға Алматы қаласы мен Алматы облысының 99%-ы телефон желілері тиесілі. «Алматытелеком» ӨТД, жергілікті қалааралық және халықаралық телефония, іD Net және Megalіne брендімен Интернет желісіне кеңжолақты қатынау, іD TV интерактивті телевидение, SІP телефония іDPhone қызметтерін, интеллектуалды байланыс, ақпараттық-анықтамалық және конвергентті қызметтерді – «Отбасылық шешім» топтамасындағы ұялы байланыс, әмбебап нөмір, LTE технологиясы негізіндегі іD Net Wіreless сымсыз интернет қызметін және т.б. қызметтерді ұсынады.

 

2017 жылы Интернет қызметінің қолданушылар саны 424 мыңнан астам абонентті құрады, оның 167 мың абоненті Алматы облысынан. Телевидение қызметін, оның ішінде іD TV Onlіne қызметін HD топтамасында 28 мың тұтынушы қолданады. Сонымен қатар, филиал: әмбебап нөмір, іD TV Onlіne сияқты топтамалық қызметтерге және  топтамалық ұсыныстар Kazakhtelecom FMS, іD Net Wіreles және т.б. жаңа топтамаларды дамытуға басты назар аударуда. Сондай-ақ,  құрамына 11 қызмет кіретін «іD Home Vіp» топтамасы да халық арасында ерекше сұранысқа ие.

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *