Байланыс саласының бикештеріне құрмет көрсетілді

«Алматытелеком» ӨТД-да филиалдың әйел қауымы ішінен үздік қызметкерлер марапатталды

Халықаралық әйелдер күні қарсаңында «Алматытелеком» ӨТД-да өндірістік ұжымның үздік   әйел қызметкерлері  марапатталды. 

Салтанатты шара  осы жылдың 6 және 7 наурызы күні Алматы қаласы мен Талдықорған қаласындағы 500-ден астам қызметкердің қатысуымен өтті.

«Алматытелеком» ӨТД Бас директоры Шерхан Раздықов дирекция ұжымының әйел қауымын мерекелерімен құттықтады.

– «Алматытелеком» өңірлік телекомму­никация дирекциясында 1200-ден астам нәзік жандылар  жұмыс істейді, олардың ішінен техникалық бағытта  49%, коммер­циялық бағытта 47%, қаржы бөлігінде 1% және қолдаушы функциялардың операция­лық тиімділігі бағытында  3%-ы қызмет етеді. Қазіргі таңда біздің арулар ерлермен қатар адал жұмыс жасай отырып,  жоба­лар мен алға қойылған мақсаттарға қол жет­кізуге атсалысуда, – деп атап өтті Дирек­ция басшысы.  Бас директор қатысу­шылардың барлығына денсаулық, табыс және алға қойылған барлық мақсаттардың орындалуын тіледі.

Салтанатты шараның соңына қарай «Алматытелеком» ӨТД-да Алматы, Талды­қорған және Алматы облысынан белсене қатысқан 14 қызметкер арасында  «Супер Күйеубала!» жарысы өткізілді. Қатысушы­лар конкурстың үш кезеңінде бақ сынасты. Әділқазылар назарына өздерін «Таныс­тырудан» бастап, «Ең тапқыр» сайысында жүргізушілер мен көрермендердің күрделі сұрақтарына жауап беріп, «Таланттылар байқауында»  өз өнерлерін паш етті.

 

Диана САБРАЛИЕВА,

«Алматытелеком» ӨТД қоғаммен байланыс қызметінің жетекшісі.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *