Байланыс саласының бас мекемесі

«Алматытелеком» Өңірлік телекоммуникация ди­рекциясында, филиал басшылығы мен құры­лымдық бөлімшелері қызметкерлерінің қатысуымен 2017 жыл­дың жұмыс қорытындысы бойынша  мәжіліс өткізілді.

Мәжіліс барысында филиал жұмысына баға беріліп, 2018 жылғы жобаларды жүзеге асы­руға қажетті техникалық ресурс­тардың көлемі анықталып, өзекті мәселелер талқыланып, сонымен қатар, жаңа міндеттер мен мәселелер қарастырылды.

Бүгінгі таңда «Алматы­телеком» өңірлік телекоммуни­кация дирекциясы, «Қазақтеле­ком» АҚ-ның ең ірі филиалы болып табылады. Филиалға Алматы қаласы мен Алматы облысының 99% телефон желілері тиесілі. «Алматытелеком» ӨТД, жергілікті қалааралық және халықаралық телефония, іD Net және Megalіne брендімен Интер­нет желісіне кеңжолақты қаты­нау, іD TV интерактивті телеви­дение, SІP телефония іDPhone қызметтерін, интеллек­туалды байланыс, ақпараттық-анықтама­лық және конвергентті қызмет­терді – «Отбасылық ше­шім» топтамасындағы ұялы байланыс, Әмбебап нөмір, LTE техноло­гиясы негізіндегі іD Net Wіreless сымсыз интернет қызметін және т.б ұсынады.

2017 жылы Интернет қызме­тінің қолданушылар саны 424 мыңнан астам абонентті құрап, оның 167 мың абоненті Алматы облысынан. Телевидение қызме­тін, оның ішінде іD TV Onlіne қызметін HD топтамасында 28 мың тұтынушы қолданады. Сонымен қатар, филиал: Әмбебап нөмір, іD TV Onlіne сияқты топтамалық қызметтерге және  топтамалық ұсыныстар Kazakh­telecom FMS, іD Net Wіreles және т.б. жаңа топтамаларды дамытуға басты назар аударуда. Сондай-ақ,  құрамына 11 қызмет кіретін «іD Home Vіp» топтамасы да халық арасында ерекше сұранысқа ие.

«Қазақтелеком» АҚ мен «Алтел» компаниялары арасын­дағы бірлескен жоба  LTE (4G) базасындағы Интернет желісіне жаңа мобильді кеңжолақты қатынау  қызметі мен FMS «Отба­сылық шешім» топтамасы­мен ұялы байланыс  қызметін енгізуге ықпал етті. Оның құрамына Қазақстан бойынша стационар­лық нөмір­лерге тегін қоңырау шалу  және «АЛТЕЛ» мен 4G-Интернет, айына 100 минут басқа  опера­торлар желі­сіне тегін қоңы­рау шалу мен  күніне 300 SMS жі­беру шексіз. Сонымен қатар, өт­кен жылы онлайн режимде көруге болатын және мұрағатта 7 күнге дейін сақта­латын жаңа қызмет түрі «Бұлтты бейне­бақы­лау» қызметі енгізілді. Бүгінгі күні жаңа қызмет түрін Алматы қаласы мен Алматы облысының көп пәтерлі тұрғын үйлерінің тұрғындары қолдана алады.

Мәжіліс барысында «Алматы­телеком» ӨТД Бас директоры Шерхан Раздықов компанияның жетістігінде ұжым мүшелерінің ерекше үлесін атап өтті.

– Ұжымдағы құрылымдық бөлімшелердің барлық қыз­меткерлері арқасында 2017 жылы филиал алға қойған барлық мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізді. Біз бұл жеткен жетіс­тіктермен шектеліп қалмаймыз, ұсынылатын қызметтер сапасын жақсарту, байланыс саласын одан әрі дамыту біздің 2018 жылы жалғасын табатын басты мақ­сатымыз болады, – деді ол.

2018 жылға филиалдың өн­дірістік көрсеткіштер бойынша оң өсімін қамтамасыз ету мақ­сатында телекоммуникация қыз­меттерін дамыту, топтамада қо­сылу нәтижесін ұлғайту және жаңа қызмет түрлерін ұсыну, коммерциялық ұсыныстарды және өзге де іс-шараларды одан әрі жүргізу үшін жоспар дайын­далған.

Нұр  ҚАЙЫР.

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *