Бабамнан қалған аманат

573aeeafЕлбасының «Болашаққа бағдар: руха­ни жаңғыру» атты бағдарламалық мақала­сында ата-бабаларымыздың дәстүрі, солардың ұстанған әдеп-ғұрпы, қолөнері мен мәдениетін жаңғыртып, бүгінгі ұрпақ­қа жеткізу аманатталғаны белгілі.   Осы мақаланы оқып отырып сонау Атыраудан жеткен  бабаларым­ның аманаты ойыма түсті. Қазақ  қолөнерге өте бай халық қой. Ел ішінде  ағаш жонып, темірден түйін түйген шеберлер  көп болған. Қазіргідей жиһаз, әшекей бұйымдар жасап шыға­ра­тын зауыттар болмаған кезде қолөнер шебер­лері қыздардың жасауын, ат әбзел­дерін, әшекей бұйымдарды  қолдан жасады.  Менің  нағашы жұртым өнерге өте бай, ұста кісілер болған екен.  Атала­рымыз қолдан­ған  ұстахананың бұйымдары Құлхай ағамның үйінде күні бүгінге дейін сақтаулы тұр. Әсіресе, ұстаның ең басты құралы болып саналатын көрігін көздің қарашы­ғындай сақтап келеміз. Бірақ елдің айтуын­ша, көрікті үйде көп сақтауға болмайды дейді. Тіпті, қазақы ырымға сенсек, оны сақтаған ұрпағының жолы болмайды деген де сөз бар. Бұл сөздің жаны бар шығар, ағамыз  Наурызбайұлы Дәуіт­бай 1937 жылы «халық жауы» атанып, он жылға жер аударылып, содан орал­мады.  Халық жауы­ның  ұрпағы бастан кешірген қиындықтар мен кедергілердің қандай болғанын мен айтпасам да  білесіздер. Менің айтпағым, ата-бабала­рымыздан қалған сол мұраны  Атырау­дағы мұражайға,  болмаса қазіргі кезде де  көрік қыздырып темірден түйін түйіп жүрген қолөнер шеберлеріне сыйға тартсақ деген ойымыз бар.  Ұста­хананың көрігі керек шеберлер болмаса сондай ұлты­мыздың қолөнер саласында құнды­лыққа ие болатын заттарды сатып алуға ықылас білдіріп жатқан мұражай қызмет­керлері болса, «менің ең сүйікті басылымым «Алматы ақшамы» газеті арқылы хабарласуларыңызды сұрай­мын. Дәуітбай  атам  тек қолөнер шебері ғана емес, діни сауатты  ел арасында сыйлы молда кісі болған. Ол кісінің жер аударылуының тағы бір себебі,  мол­далығы болса керек. Дәуіт­бай  бабам ұстаған ескі Құран кітап маған бұйырды. Оны  жерге көміп, тығып қойған жері­нен  тауып алдық. Қиналған кезде сол  Құран кітапты  қолыма алсам, жолым жеңілдеп шыға келеді. Қалай десек те, бір  құдыреттің бар екендігі ақиқат. Қадір­лі ағайын, адам жасы ұлғайған сайын парыз бен қарыз жайын көбірек ойлайды екен. Дәуітбай бабамның ал­дындағы осы бір  қарыз шаруа ұстаха­насының көрігін қажетті қолға тапсыр­сам,  мен өз борышымды  өтер едім.

 

Мәриям СӘРСЕНҒАЛИҚЫЗЫ,

Дәуітбай Наурызбайұлының немересі.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *