БАБАЛАР РУХЫНА ТӘУ ЕТІП, НАУРЫЗДЫ ШЫҒАРЫП САЛДЫ

Наурыз мерекесін №29 емхана ұжымы биыл айрықша, «Nur Otan» партиясының «Құтты мекен» бағдарламасы аясында Алматы қаласының солтүстік батыс аймағында орналасқан Боралдай сақ қорғанындағы бабалар рухына тағзым ету рәсімімен атап өтті.

Нұржамал Байсақал

Ұжым мүшелері, ең алдымен, қорғанның тарихи нысандарымен және сақ, үйсін тайпаларынан қалған жәдігерлермен танысты.

Бабалар рухы қанаттандырған емхананың қыз-келіншектері жеті дәмнен тұратын наурызкөже пісіріп, Наурыз дастарханын жайды. Ұжымның ұйымшыл ақ дастарханына маманданды­рылған бөлім меңгерушісі Т.Саекеев ақ батасын берсе, бас дәрігер Ақмира Садықова халық денсаулығын жақсарту ісінде жан аянбай еңбек етіп жүрген емхананың ақ халатты абзал жандарын мерекелерімен құттықтап, биылғы жылдың ерекше жаңалықтарына, партияның алға қойып отырған басты тапсырмалары «Бақытты отбасы», «Халыққа көмек» әлеуметтік бағ­дар­ламаларын қолдауға, алда келе жатқан Президент сайлауын өткізуге белсенді атсалысуға шақырды.

Наурыз мерекесін атап өту барысында дәрігерлер мен мейірбикелер бөлімдер бойынша айтыс ұйымдас­тырып, ән салып, күй тартудан байқау, спорттық жарыстар өткізіп, өздерінің сегіз қырлы, бір сырлы екендіктерін байқатты.

Таза ауа, сұлу табиғатпен үндестік тапқан Наурыз мерекесін емхананың бас дәрігері «Ақ жүрек» бастауыш партия ұйымының төр­айымы Ақмира Садықова қорытындылап, мерекелік шара барысында ұйымдастырылған байқауларда үздік танылған қыз­меткерлерді арнайы сый-сияпаттармен марапаттады.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *