Бағыңызды балл бағалайды

Қытайдың  Цзянсу провин­ция­сында ажырасушы ерлі-зайыптылар арнайы тестен өтіп жатыр.

Оның сұрақтары мынандай болып келеді.

Екі жұптың арасында естен кет­пейтін қандай оқиға болды?

Бірге қанша рет жұп жазбай саяхат­тадыңыз?

Сіздің серіктесіңізге қандай тағам көбірек ұнайтын еді?

Осы және басқа да сауалдарға арыз берушілер жергілікті азаматтық қатынастар басқармасына барып жауап береді.

Жауап берушілердің жағдайы 100 балдың мөлшерімен бағаланады. 60 балдан асқандарға әзірге ажыраспай, тіл табысуға, арыздарын қайтып алуға мүмкіндіктері бар екені айты­лады, ескертіледі. Ал бұдан төмен балға ие болғандардың мүмкін­діктері, үміті аз деп бағала­нады.

Былтыр ажырасуға 3,4 млн. қытай жұ­бы арыз бер­ген. Бұл өткен жыл­мен салыс­тыр­ғанда 8 па­йызға артық. Соңғы 40 жыл­да Ас­пан ас­ты елін­дегі ажы­расу­лар 10 есеге өскен.

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *