Бақытжан САҒЫНТАЕВ, қала әкімі: «Әр дүйсенбі аудан әкімдерінің есебін тыңдаймын»

Бүгін қала әкімі Бақытжан Сағынтаев Әуезов ауданының тұрғындарымен кездесті. Бұл туралы шаһар басшысы өзінің инстаграмм парақшасында жазды. Тұрғындармен кездесу ашық форматта өтті.


«Шамамен 150-ге жуық сұрақ болды. Көбі күнделікті өмірдегі шаруашылық-тұрмыстық мәселелерді қамтиды: тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, аулаларды абаттандыру мен жарықтандыру, аулалардағы қоғамдық қауіпсіздік пен ұрлық, қоқыстарды жинау, арық жүйесінің жұмысы, кәріз, қаңғыбас иттер және т.б. ПИК-тің жұмысына наразылық аз емес. Әсіресе тұрғын үйлерді күтіп ұстау, қасбеттерді жөндеу бойынша мәселе шаш етектен» делінген жазбада. ПИК мәселесін шешу үшін шаһар басшысы ПИК-тің тұрғындар алдындағы есеп беру жиынын өткізу қажеттігін айтты. Сондай-ақ қала әкімі жауапты тұлғаларға тұрғындар тарапынан қойылған сұрақтарға нақты жауап беруді тапсырды. Осылайша Бақытжан Сағынтаев мырза аптасына бір рет, әр дүйсенбі сайын тұрғындармен болған кездесулерде қойылған сұрақтар мен ұсыныстардың қалай шешіліп жатқаны туралы аудан және басқарма басшыларының есептерін тыңдамақ.


— «Тыңдай білетін мемқызметші» — уақыт талабынан туындаған қағида, — дейді Б.Сағынтаев.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *