Бақытжан САҒЫНТАЕВ, қала әкімі: «ЕЛБАСЫ – ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҚАЗІРГІ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ҚҰРЫЛЫСЫНЫҢ НЕГІЗІН ҚАЛАУШЫ»

Қала әкімі Бақытжан Сағынтаев алматылықтарды Конституция күнімен құттықтады. Мегаполис басшысы еліміздің негізгі Заңына арналған салтанатты жиында сөйлеген сөзінде қазіргі Қазақстанды құрудағы Елбасының тарихи рөлін атап өтті.
Өз сөзінде Б.Сағынтаев: «1995 жылы еліміздің Ата Заңын қабылдау – өте күрделі саяси жағдайда халықтың тарихи тағдырын таңдау еді. Бұл Тұңғыш Президент – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың басшылығымен еліміздің мемлекеттік дамудың жаңа тарихи кезеңіне жасаған бетбұрыс қадамы» деді.
Қала әкімінің айтуынша, сол уақытта жалпыұлттық референдумда қазақстандықтар заманауи құқықтық мемлекет, еркіндік пен прогресс үшін дауыс берді.
Бүгін біз уақыт биігінен Негізгі Заңның нақты жасампаз рөлін көріп отырмыз. Конституция еліміздің барлық азаматтары үшін алдағы онжылдықтың құндылық тұғырнамасына айналып, біздің қоғамымызды бір арнаға біріктірді.
Тарих бізге барлық дамыған мемлекеттер үшін табыстың негізгі құрамдас бөлігі – саяси көшбасшылық пен саяси еркіндік екендігін көрсетеді.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *