Бақытжан САҒЫНТАЕВ, қала әкімі: «Қала тұрғындарының сенімін сөзбен емес, іспен ақтау керек!»

Бүгін «Nur Otan» партиясының Алматы қалалық филиалында Саяси кеңестің кеңейтілген отырысы өтті. Алқалы жиынға төрағалық еткен АҚФ төрағасы, қала әкімі Бақытжан Сағынтаев Елбасы Н.Назарбаевтың партияны қайта жаңғырту туралы Саяси кеңесінің шешімдерін жүзеге асыру бойынша бірқатар жұмыстарды пысықтады. Бұл туралы ол өзінің Фейсбук және Инстаграмм парақшасында хабарлады.
1) Партия төрағасы ретінде айына бір рет мемлекеттік орган басшыларының Президент К.-Ж.К.Тоқаевтың сайлауалды тұғырнамасын іске асыру бойынша баяндамаларын тыңдаймын. Сондай-ақ «Бірге» акциясы аясында тұрғындардан келіп түскен ұсыныстар мен партияның шешімдерін, сайлау алдында уәде етілген мәселелердің орындалуын тыңдайтын боламын. Аптасына бір рет бастауыш партия ұйымдарымен шұғыл жиындар өткіземін.
2) Партия алаңында азаматтар мен мемлекеттік органдардың өзара іс-қимылын күшейту қажет. Сондықтан филиал жанынан әлеуметтік-экономикалық мәселелерді қарау жөніндегі Азаматтық комитет құрылады. Қала тұрғындары Азаматтық комитетке өтініштерін айта алады. Ал комитет өз кезегінде мемлекеттік органдармен бірлесіп мәселенің шешу жолдары мен олардың орындалуын бақылайды.
3) Ең алдымен, қалалық бюджетті қарау және қалыптастыру кезінде мәслихаттағы фракцияның рөлін арттырамыз.
4) Партия сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жөніндегі жұмысты күшейтеді. Ол үшін Қоғамдық кеңеспен бірлесіп, ЖОО-дағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мониторингін жүргізу қажет. Жастардың өздері белсенділік таныту керек. Бұл — «Jas Otan»-ға міндеттеледі.
5) Қала әкімдігі жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңестің жұмысын жандандырамыз.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *