Бақытжан САҒЫНТАЕВ: «АДАМДАР ӨЗДЕРІН ҚАУІПСІЗ СЕЗІНУЛЕРІ ТИІС»

Шаһар басшысы қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін полиция қызметінің тиімділігін арттыруды тапсырды

Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев қалалық Полиция департа­ментінің Жедел басқару орталығында болып, қауіпсіздік пен құқықтық тәр­тіпті қамтамасыз ету бойынша кеңес өткізді.

Кеңес барысында мегаполисте құқықтық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіз­дікті қамтамасыз етудің негізгі мәселе­лері қаралды. Қала әкімі полиция жұмысына сапалы өзгерістер енгізуді тапсырды. Патрульдік қызмет жұмысын қайта қарау және  құқықбұзушылықты жедел анықтау үшін бейнебақылау желісін кеңейту  қажет. Ақпараттық жұмыстарды күшейтіп, қалалықтардың қауіпсіздігін жақсарту жолында жүзеге асқан нақтылы шараларды кеңінен түсіндірген жөн. Полиция департаменті учаскелік пункттерге тексеру жүргізіп, оларды модернизациялау бойынша ұсыныстарын берулері тиіс. Басты міндет – қылмысты түбегейлі азайту және халықтың полицияға деген сенімін арттыру.

–  Бұл жұмыс тұрақты негізде Қо­ғам­дық кеңеспен бірге, тығыз байла­ныста жүргізілгені жөн. Қылмыс деңгейі төмендесе, бірлесіп атқарылған жұмыстың нәтижелі болғаны. Жалпы, адамдар өздерін қауіпсіз сезінулері тиіс, – деп атап өтті Б.Сағынтаев.

Кеңесте Қоғамдық кеңес мүшелері өздерінің пікірлері мен ұсыныстарын білдірді. «Қазақстанның газ ассоциа­циясы» заңгерлері қоғамдық қауымдас­ты­ғының президенті Андрей Моргунов, «Ақжол» демократиялық партиясы АҚФ төрағасы Нұрлан Жазылбеков, «ExspressAutoservіce» компаниясының президенті Александр Белянов, «Ақ­па­раттық-ресурстық орталық» ҚҚ дирек­торы Алтынай Көбеева сөз алып, өз ойларын ортаға салды.

Қала әкімі Алматы прокурату­расы­ның Құқық қорғау қызметі орталы­ғының жұмысымен, «ЕРАП» функцио­налды желісімен және «Е-қылмысты іс» жүйесімен, «Қауіпсіз қалаға 21 қадам» жобасымен танысты.

«Ақшам-ақпарат».

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *