БАҚЫТТЫ ОТБАСЫ

5,5 млрд. теңгенің 3 миллиарды мегаполистің тұрмысы төмен көпбалалы отбасыларын қолдауға жұмсалады

Алматы қалалық мәслихатының кезектен тыс сессиясында жергілікті бюджет нақтыланды. Иә, шаһар депутаттары «Бақытты отбасы» әлеуметтік бағдарламасын жүзеге асыруға қаржы бөлуді қолдады. Жоспарланған 5,5 млрд. теңгенің 3 мил­лиарды мегаполистің тұрмысы төмен көпбалалы отбасыларын қолдауға жұмсалады.

Қалалық Стратегия және бюджет басқармасының басшысы Ілияс Үсеров хабарлағандай, Алматы әкімінің тапсырмасы бойынша бірқатар негізсіз және қымбат жобалар оңтайландырылды, нәтижесінде үнемделген қаржы тұрмысы төмен көпбалалы отбасыларға кешенді қолдау көрсететін қалалық әлеуметтік «Бақытты отбасы» бағдарламасын жүзеге асыруға бағытталатын болды.

 

Биыл «Бақытты отбасы» әлеуметтік тұрғын үй бағдарламасына 1,3 млрд. теңге бөлінеді.

Кезекте тұрған 1276 көпбалалы және толық емес отбасылардың алғашқы жарнаны төлеуге мүм­кіндіктері жоқ, сондықтан қала бюдже­тінен 1 млн. теңгенің сер­тификаттары тапсы­ры­лады. Ал­ғашқы жарна пәтер құнының 10%-ын құрайды, мөлшерлеме 18 жыл­ға 2%. «Тұр­ғын үй құрылыс жинақ­ банкімен» бірге 50/50 қағидасы   бойынша   несиелеуге 1 млрд. теңге бөлінеді, сонымен қатар, коммунал­дық қызмет шығын­дарын жабу үшін 87,5 млн. теңге немесе 5%-ға дейін жәр­демақы беріледі.

Аналардың арнайы Орталығын құруға 166 млн. теңге бөлінеді.

Бір тере­зе қа­ғидасы бойынша жұмыс іс­тейтін бұл орталықта аналарға құқық­тық, психология­лық ке­ңестер беріліп, реаби­литациялық көмек көр­се­ті­леді, бала­бақша ұйымдастырылады. Мұнда көпбалалы аналар жұ­мыспен қамтылады.

 

Оқушылар мен студент­терге стипендия төлеу үшін 272,3 млн. теңге бөлінеді.

Тұрмысы төмен отбасылардың оқу үздіктеріне стипендия бе­ріледі. Бұл олар­дың білімге деген ынтасын арттырады. Универ­ситеттер мен колледж­дер­дің студенттеріне ай сайын 10 мың теңгеден, оқушы­ларға 5 мың теңгеден төленеді.

«Бақытты отбасы» бағдарла­масы аясын­да Алматыда тұрмысы төмен отбасылардың екінші баласынан бастап балабақша те­гін болады, ол үшін биыл 131 млн. теңге бөлінеді.

 

Бірреттік төлемді ұлғайтуға 221 млн. теңге бөлінеді.

Қиын жағдайға душар болған жандарға бірреттік төлем беріледі. Бұл санатқа асыраушысынан айырылғандар, өрттен, су тасқы­нынан және басқа да төтенше жағ­дайлардан зардап шеккендер жатады. Жыл ішінде мұндай төлемді 4,3 мың адам алды. Биылдан бастап төлем көлемі 2 есе артты, 25 мыңнан 50,5 мың теңгеге дейін ұлғайды.

Аз қамтылғандарға ыстық және суық су есептегіш қондырғыларын орнату үшін берілетін жәрдемақы көлемі 70%-ға, 5 мыңнан 8,6 мың теңгеге дейін артады.

Бұлардан өзге, мүгедек бала­ларды үйде оқыту үшін кеткен шығынның орнын толтыруға берілетін атаулы әлеуметтік көмек 30%-ға, 22,7 мыңнан 30,3 мың теңгеге дейін ұлғаяды.

 

Тұрмысы төмен және көпбалалы отбасылардың азаматтарын еңбекпен қамтуға 1 млрд. теңге бөлінеді.

Жұмыссыз аналарды оқыту және кәсіби дайындықтан өткізу ұйымдас­тырылып, оларға 16,7 мың теңге көле­мінде стипендия беріледі, жастар прак­тикасы, суб­сидиялы еңбекпен қамту жү­зеге асады және айлық жалақысы 63 мың теңге болатын әлеуметтік жұмыстарға тарты­лады.

Жуырда Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек тұрғын­дармен өткен есепті кездесуінде «Бақытты отбасы» қалалық кешенді бағдарламасын таныс­тырған еді, оған 7 бағыт бойынша 13 нақ­тылы іс-шара енген. Олар: жеңілде­тілген ипотека, қайта оқыту және еңбекпен қамту, стипендиялар және тегін бала­бақша, жергілікті бюжеттен берілетін бірреттік төлем көлемін ұлғайту және басқалары.

 

 «АҚШАМ-АҚПАРАТ».

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *