БАҚЫТТЫ ОТБАСЫ

Алматы қаласында 38 отбасы «Саялы-1» ықшамауданынан пәтер алды

Олар «толық емес отбасы» санаты бойынша мемлекеттен берілетін үй кезегінде тұрған. Отбасы құрамына байланысты оларға бір және екі бөлмелі пәтерлер бөлінген.

Кеше пәтер иелеріне «Бақытты отбасы» орталығында ресми түрде кілттері табысталды. Аталған баспаналар мемлекеттік «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы бағдар­ламасы аясында берілді. Мемле­кеттік жеңілдікпен берілген пәтер­ді иелегендердің бірі Аида Сүйім­баева үй кезегін екі жыл күткен­дігін айтты.

«Мен ұлымды жалғыз тәрбие­леп отырғандықтан, 2017 жылы «толық емес отбасы» санаты бойынша баспанаға кезекке тұр­дым. «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінен» шот ашып, ақша жинай бастадым. Қазіргі кезде пәтер сомасының 20%-ын жинап қойдым. Бағдарлама талаптарына толық сәйкес келгендіктен, менің келісіміме қол қойылды. Енді ай сайын 71 мың теңгеден төлейтін боламын», – дейді А.Сүйінбаева.

Жалпы, қаламызда тұрғын­дарды баспанамен қамтамасыз ету бойынша кешенді іс-шаралар жүзеге асырылуда. Бұл ретте тиімді шаралардың бірі – мемле­кеттік «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы бағдарламасы. Оның негізгі ерекшелігі пәтерлердің құны мен несие бойынша пайыз­дық мөлшерлеменің төмендігінде. Осылайша соңғы 3 жылда толық емес отбасыларға 2 мыңға жуық пәтер берілген. Сонымен қатар, қалада көпбалалы және тұрмысы төмен отбасыларға арналған «Бақытты отбасы» бағдарламасы жүзеге асырылып келеді. Мәселен, 4 мамыр күні 44 отбасының банк шоттарына пәтер алуға бастапқы жарнаны өтеуге берілген 1 млн. теңге көлеміндегі қаражат ауда­рылды. Тұрғын үй сертификат­тарын ресми түрде табыстау рәсімі кейінге жоспарланған.

 Алматы қалалық Әлеуметтік әл-ауқат басқармасы.

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *