БАҚЫТ КІЛТІН СЫЙЛАДЫ

Нұржамал ТЕГІНБАЙҚЫЗЫ

«Өз үйім, өлең төсегім» деген емес пе, өзіңнің үйің болғанға не жетсін. Адам баласының ең басты байлықтарының бірі – баспаналы болу бақытына ие болған 53 көп­­балалы отбасының қуанышында шек жоқ. Олар қаламызда жаңадан салынып жатқан «Адиет» тұрғын үй кешенінен пәтер алды. Оларды аз ғана уақыт ішінде мұндай бақытқа бөлеген қала әкімдігінің «Бақытты отбасы» бағдарламасы. Баспанаға ие болған отбасылардың бірі – Әсем Кен­жебекова. Әсемнің төрт баласы бар. Көптен пәтерлі болуды армандап жүрген Әсемнің отбасының қуанышы алабөтен.

– Алғашқы жарнамызды қалалық бюджет есебінен қала әкімдігінің көпба­лалы отбасылары үшін тағайындалған тұрғын үй сертификаты арқылы төледік. Қала әкімдігіне рахмет. Мұндай жақсы­лықты ет-жақын туысың да жасай қоймас. Шын мәнінде «Бақытты отбасы» бізге бақыт кілтін сыйлады. «Үйің болмай күйің болмайды» деген. Шүкір, енді бізде барлығы болады, – дейді Әсем қуанышын жасыра алмай. Оның ендігі арманы жөндеу жұмыстарын тезірек бітіріп, үйлеріне тезірек көшіп алу. Әсем Кенжебекованың пәтерінің құны 15,7 миллион теңге. Оның ай сайынғы төлемі 80 мың теңгені құрап отыр. Оларды тағы бір қуантқан жәйт – мектеп пен балабақшаның үйлерімен іргелес болғаны. Сонау қала сыртынан қатынап оқып келген балалары да жаңа оқу жылын жаңа мектепте қарсы алатындары үшін өте қуа­нышты. Әсем айтса айтқандай, аяқасты бақыт кілті қолдарына тиді.

Бақыт кілтін қолына алғандардың тағы бірі – Фируза Қошқарова. Оның үй кезегіне тұрғанына төрт жылға жуықтапты. Бұл, әрине, көп уақыт емес, дегенмен, көпба­лалы отбасы үшін тым ұзақ көрінген. Көпбалалы отбасыларына үй беріледі деген ақпарат құлағына жеткен күннің ерте­ңінде-ақ құжаттарын жинап, тұрғын үй басқармасына өткізген Фируза дәл осылай тез үй ала қоямын деп ойламаған еді. Балаларының несібесі шығар, аяқасты баспаналы болу бақыты бұйырыпты. Оларға қаланың әр аймағынан пәтер ұсы­нылған екен. Бірақ таңдауы «Адиет» тұрғын үй кешеніне түсті. «Адиет» тұрғын үй кешенінің инфрақұрылымы олардың отбасы мүшелерінің көңілінен шығыпты.

Айта кетейік, осыдан екі апта бұрын 44 көпбалалы отбасы батыр бабамыз Бауыр­жан Момышұлы көшесі бойынан салынып жатқан «Үш сұңқар» тұрғын үй кешенінен пәтер алған болатын. Жалпы, соңғы үш жылда Алматы қаласы бойынша тоғыз мыңға жуық отбасы баспа­налы болса, оның басым бөлігі көпбалалы, толық емес отба­сы, жетім балалар, ардагерлер мен үйге айырықша мұқтаж адамдар. Оларға негізінде пәтерлер «Нұрлы жер» бағдарла­масы бойынша берілген. Жақында тағы екі мыңға жуық отбасы баспаналы болады деп күтілуде.

Күні кеше ғана Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өзі келіп ашқан, еліміздегі тұңғыш «Бақытты отбасы» орта­лығы мамыр айынан бастап бүгінгі күнге дейін мыңға жуық көпбалалы отба­сы­на қолдау көрсетіп, әр түрлі мәселелер бойын­ша ақыл-кеңес берсе, 400 бала балабақ­шаға тегін бару мүмкіндігіне ие болыпты. Ал үш мың оқушы мен сту­дентке жергі­лікті бюджет есебінен шәкіртақы төленген. Сонымен қатар, осы бағдарлама аясында кәсіптік біліктілікті арттыру, жұмысқа орналастыру, кәсіптік бағдар беретін оқу орындарында тегін оқыту жұмыстары да қолға алынған. Ал «Бақытты отбасы» қоғам­дық қоры болса, төрт айдың ішінде мың жарымға жуық отбасына көмек қолын созып үлгеріпті. Елбасының тапсыр­масын басты бағыт етіп алған Алматы қаласында көпбалалы және әлеуметтік жағынан аз қамтамасыз етілген отбасыла­рына кешенді түрде көмек көрсету  жал­ғасын табуда. Қарапайым халықтың игілігі үшін жасалып жатқан игілікті істерге аналардың алғысы шексіз.

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *