Бақуаттылыққа бағыттады

Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-аухатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына Жолдауын оқығанда тақырыптың тартымдылығы мен көкейге қонымдылығы бірден көзге түсті. Адамның лайықты өмір сүруі үшін  әл-аухатының өсіп, тұрмысының сапасын жақсартуға ең алдымен қажетті нәрселер — азық-түлікпен қамтамасыз етіп, тұрғындардың денсаулығын Ұлт саулығы деп санап,  мемлекеттің басты басымдығы етіп, халықты сапасыз әрі денсаулыққа және өмірге қауіп төндіретін тауарлар мен көрсетілетін қызметтерден қорғайтын тұтас саясат жасау қолға  алынбақ. Ол үшін Ата заңда көрсетілгендей, ең басты құндылық – адам және оның өмірін, денсаулығын сақтауға, тұрмысын жақсартуға үлкен мән берілетін болады.

Мемлекет бизнесті дамытуға әрдайым көмектесіп келеді, сонымен бірге адамдардың құқығы мен денсаулығының маңызын ешкім жоққа шығара алмайды. Бұл Жолдауда тек табыс табуды ғана көздемей,  азаматтарымыздың қауіпсіздігі мен жайлы тұрмысын қамтамасыз етуді де ойлауымыз қажет екендігі орынды көрсетілген. Келесі жылдан бастап, тауарлар мен көрсетілетін қызмет сапасын және қауіпсіздігін  бақылау комитеті  жұмысын бастайтыны қуантарлық жайт.

Өмір сүруге жайлы орта қалыптастыруға ұмтылушылық та көкейге қонады. Адамның тұратын жерінің жайлылығы, тазалығы, қауіпсіздігі, тұрғын үйдің қолжетімділігі, тіршілікке және жұмыс істеуге қолайлы елді мекеннің және сапалы инфрақұрылымның болуы — осының бәрі жиналып келіп тұрмыстың түзелуіне, денінің сау болуына,  ұзақ өмір сүруге алғы шарттар болып табылатыны ақиқат. Елбасы «7-20-25» бағдарламасы бойынша жағдайы жоқ жандарға  жергілікті бюджет есебінен жеңілдетілген ипотеканың алғашқы жарнасын ішінара субсидиялау мәселесін әкімдерге табыстағаны әлеуметтік жағдайы төмен азаматтардың көкейінен шығатыны анық. Бұл топтағы азаматтарға арнап ірі қалаларда жалдамалы тұрғын үй құрылысын ұлғайту қолға алынбақ. Нәтижесінде 250 мыңнан астам отбасының тұрғын үй жағдайы жақсаратын болады.

Мен жұмыс орныма күнделікті келетін әлеуметтік аз қамтылған азаматтардың ең көп көтеретін мәселесі — «қазақтың бас ауруы — баспанаға» қол жеткізетініне осы Жолдаудың қолдауы мол болар деп сенемін.

Байғали ӘБДӘЛІҰЛЫ,  

«Нұр Отан» партиясы Бостандық аудандық

филиалының кеңесшісі.                                                    

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *