Бағдат АНАРБАЕВА, Алматы қаласы Волонтерлар лигасының төрағасы: Елдің саулығы үшін алдыңғы шепте жүргендер бағаланды

 

  • Президенттің бүгінгі халыққа арнаған Жолдауында маңызды мәселелер көтеріліп, олардың шешімі де қарастырылған. Оның ішінде экология бағытының квотасын көтеру, шағын және орта бизнеске қолдау көрсету, дәрігерлер мен мұғалімдердің жалақысын өсіру, отбасы мәселесі, зейнетақы қорындағы ақшаны білім алу, тұрғын үй алу деген секілді мақсаттарға жұмсау, жемқорлық жайлы ойларды бөлек атап өткіміз келіп отыр.

Қазір барша халыққа оңай емес уақытта шағын және орта бизнеске үлкен соққы тиді. Ал дәрігерлер біздің денсаулығымыз үшін алдыңғы шепте аянбай тер төгіп, күн демей, түн демей демалыссыз еңбек етті. Ал мұғалімдер болса қай уақытта болмасын балаларды білім нәрімен сусындатуда аянған емес. Ендеше, мемлекет тарапынан халықтың игілігі мен ертеңі үшін қызмет етіп жүрген топқа ерекше көңіл бөлінуі өте құптарлық іс деп білемін.

Жолдауды тыңдау арқылы көптеген азамат өздерін толғандырып жүрген мәселеге жауап таба алды деп ойлаймын.

Жазып алып, дайындаған – Әсел ДАҒЖАН.

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *