БАҒДАРЛАМА «НҰР ОТАН» НАЗАРЫНДА

Тұрғын үй бағдарламасы басталғалы 3 миллионнан астам қазақстандық қызығушылық танытты

Бұл жайлы Алматы қаласында «7-20-25» бағдарламасы аясындағы мәселелер талқылауға арналған «Қолжетімді баспана – жас отбасылардың үміті» атты  «Дөңгелек үстелде» айтылды.

Отырысқа «Нұр Отан» партия­сының, мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес ұйымдардың, «Баспана» АҚ өкілдері, сарапшылар мен қоғамдық белсенділер қатысты.

Жиынды ашып, жүргізген «Нұр Отан» партиясы Түрксіб аудандық филиалы төр­ағасының бірінші орын­басары Нұрланбек Әжібаев  Елбасы тапсырмаларын жүзеге асырудағы бақылау жауапкершілігі «Нұр Отанға» жүктелгендіктен, партия әрқашан азаматтық қоғам мен бірлестіктердің барлық институттарын Елбасының жаңа стратегиялық бастамаларын қолдауға шақыратынын атап өтті.

– «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» бағдарламасын жүзеге асыру бүгінгі күн тәртібінің ең басты міндеті болып табылады. Сондықтан біздің барлық күш-жігеріміз белгілі бір көрсеткіштерге жетуге ғана емес, Елбасы тапсырмаларын сапалы орын­дауға бағытталған, – деді өз сөзінде модератор.

«Дөңгелек үстел» барысында Қар­жы­лық сауаттылық және қаржылық сапалы қызмет көрсету орталығының басқарушы директоры Ләззат Үсен­бекова, Түрксіб ауданы әкімі аппараты­ның тұрғын үй-коммуналдық шаруашы­лық бөлімінің бастығы Айдос Бекетаев, аудандық Әділет басқармасының басты­ғы Айдын Тілепбер­генов «7-20-25» бағдарламасының әлеумет­тік маңызына тоқталып, ел азаматтарының тұрмы­сына елеулі оң әсерін тигізетін кешенді стратегиялық құжат екенін атап өтті. Жалпы алғанда, тұрғын үй бағдарла­масы басталғалы бері 3 миллионнан астам қазақстандық қызығушылық танытты. Осы кезеңде «Баспана» АҚ 40 мыңға жуық азаматтардың өтініштерін сарап­таудан өткізген.

Бағдарламаның негізгі шарттары баршаға белгілі. Бұл 20% алдын-ала төлем жасау, 7%-дық жылдық пайыз­дық мөл­шер­лемесі бар, мерзімі 25 жылға дейін ұзартылған несие. Алматы қаласының тұрғындары үшін бағдар­лама аясында сатып алынатын тұрғын үйдің жоғарғы шегі 25 миллион теңгені құрайды. «Баспана» ипотекалық ұйы­мы» АҚ серіктес банк­термен жұмыс департаментінің аймақтық директоры Ермек Сәулетов «дөңгелек үстелге» қатысушыларға бағдарлама мен оны іске асыру туралы егжей-тегжейлі айтып берді.

– Бүгінгі таңда бізбен серіктес банктерге 81 миллиард теңгені құрай­тын 6 981 өтініш келіп түсті. Оның ішінде 4 300 адамға 51 миллиард теңге несие беру мақұлданды. Алматыға тие­сілі несие көлемі 12 миллиард теңгеден асады. Бұл 998 адам, елдегі екінші көрсеткіш болып табылады, – деді Е.Сәулетов.

Қазіргі кезде әкімдіктермен бірлесе отырып, жас отбасылар мен мемле­кеттік қызметкерлерге алдын-ала төлем­дер мөлшерін жеңілдікпен беру жұмыстары басталды.

Талқылау барысында басқа да маңызды сауалдар көтерілді: банктер қосымша қандай талаптар қойып отыр және ипо­текалық несие алушыларға қандай құжат­тар қажет болады т.б. Жиын барысында барлық қойылған сұрақтар бойынша жауаптар мен кеңестер берілді. Мысалы, қазіргі уақыт­та сегіз банк: ЦентрКредит­Банк, АТФБанк, Цеснабанк, Банк RBK, Евра­зиялық Банк, Халық Банк, ForteBank, Сбербанк «7-20-25» және «Баспана Хит» бағдарламалары бойынша өтініштер қабылдау үстінде.

Дания КҮЗЕМБАЕВА,

«Нұр Отан» партиясы АҚФ баспасөз қызметі.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *