БАҒА БАҒАМЫ ҚАЛАЙ?

194Берік СӘДУАҚАС

Мемлекет басшысы өткен аптаның жұмасында Үкімет мүшелері, өңір басшылары және қаржы институттарының жетекшілерінің басын қосып, кеңейтілген кеңес өткізді.

Жиында салалық министрлік басшылары қазіргі таңда елімізде девальвацияға байланысты қалыптасып отырған хал-ахуал төңірегінде есеп берді. Президент бұл жолы мәселені төтесінен қойып, жетекшілерді өткір-өткір сынға алды. Тіпті, ұзақ көсілген баяндамаларын үзіп тастап «Сен­дердің таусылмайтын түсініксіз жырларың қажет емес, нақты сұрақтарға нақты жауап беріңдер», – деп шорт кесіп отырды.

Мемлекет басшысы, әсіресе, күнделікті бірінші кезекте тұтынатын азық-түлік, тауар түрлерінің бағамы өсіп кет­пеуін ерекше қадағалауға алуды қатаң тапсырды. Тәулік сайын сауда орындарына мониторинг жасап отыруды естен шығармауды ескертті. «Біз кезінде қаржы институттарына қиыншылық туғанда мемлекет тарапынан көмек қолын создық, аяқтарыңа тұрдыңдар. Енді сіздер де нарықтағы ұрымтал тұсты пайдаланбай, алыпсатарлықпен айналыс­пауларыңызды сұраймын.

195Көтерме ірі сауда орындары шағын бизнес өкілдеріне қолдау көрсетулері тиіс», – деді ол. Кеңесте Елбасы жер­гілікті атқарушы билікке көлеңкелі экономикаға тұсау салып, салық жүйесін реттеуді де тапсырды.

– Алматы мен Оңтүстік Қазақстанда бұл бағытта ке­шенді жұмыс қолға алынып жатқандығын білемін. Алма­тыдағы барахолкада орын алған берекесіздік бір жүйеге түсіп келеді. Алайда, шағын кәсіпкерлердің зардап шек­пеуін назардан шығармаңыздар. Өйткені, олардың жан­ұясы нәпақасын сол жерден тауып отыр. Барлық қолға алған жұмыстар тек заң аясында жүзеге асуы тиіс, – деп шаһарымыздағы атқарылып жатқан шараларға оң баға бере кетті.

Базарда баға тұрақты

Менің бір иі жұмсақ, тау қопарылса да қозғалмайтын Қайрат деген досым бар. Кейде жабыққанда, тарыққанда іздеп барып, әңгіме-дүкен құратыным бар. Жеңілдеп қаласың. Сол айтады: «Осы мен түсінбеймін жұртты, көк қағаздың бәсі көтеріліп еді, жаппай алашапқын болды да қалды. Қайда барсаң да гу-гу әңгіме, пәшкі-пәшкі теңге жинап тастаған сияқты. Көршім бар екі үйден кейін тұра­тын, бала-шағасымен базарда таң алакеуімнен. Жағдайлы. Оның айтуынша, шағын саудагерлердің ешқайсысы ұтылмаған. Өйткені, күнде кешке доллар алып отырады екен түскен ақшаға. «Теңгемен алған несиемнен құтылып алдым» деп миығынан күліп отыр рахаттанып. Негізі, бар бәле өзімізден. Дүрбелең тудырамыз да, онсыз да қопаңдап отырған саудагерлерді шаптан түртіп жібереміз. Өзім жүргізушімін, әйелім медбике, екі ұлым да тұрақты жұ­мыста. Шүкірміз. Босқа даурыға бермей, еңбек ету керек, досым. Ал бағаға келсек, бәрі орнында. Еш өзгеріс болған жоқ. Жүр, күнделікті бас сұғатын дүкенді көрсетейін саған» деді Қайрекең.196

Қарапайым қоңыртөбел өмір кешіп жатқан досымның салқынқандылығына, байыпты түсінігіне тәнті болдым да, соңынан ере бердім. Төрт-бес көшені қиып өтіп, «Верный» базарындағы «Фатима» сауда кешеніне келдік. Сөрелердегі азық-түлік жеткілікті екен. Ұн өнімдерінен «Сұлтан» ма­кароны, вермишель – 110 теңге, күріш сортына қарай – 180 – 200 – 220 теңге, қарақұмық (гречка) – 235 теңге, сұйық май (1 литр) – 260 теңге, сары май – 200 гр. – 85 теңгеден 300 теңге аралығында, қант (1 келі) – 160 теңге, тұз – 50 теңге, сүт өнімдері – майлылығына қарай (1 литр) – 180 теңгеден 290 теңгеге дейін, айран – 280 теңге, қаймақ (250 гр.) – 170 теңгеден 260 теңгеге дейін толып тұр. Сиыр еті мен қой еті – 1000 – 1200 теңге аралығында. Осы жерден Қайрат дос екі сөмке ас-ауқатын алып үйіне қайтты. Қоштасарда «Е, Беке, долларлары барлар айқайлай берсін, ал екеуміз өз жұмысымызбен айналыса берейік» деп томпаңдай жөнелді.

Редакция тапсырмасын түбіне жеткізбекке енді мен «Тастақ» базарына тартып кеттім. Күн жексенбі, қол бос. Ауа-райы да жібіп, исініп тұр.

Шағын кәсіпкердің шаруасы тастай

Тарихи Тастақ осы. 70-жылдарға дейін қаланың ең шеткі ауданы болған. Мұнда да тарихи оқиғаларға куә ғимараттар жеткілікті. Базарға бір квартал жетпей, сонау 37-жылдары репрессия заманында түрме болған бәкене үйлердің 3-4-еуі әлі тұр. Сүйектері мықты. Бейімбет Май­лин, Мұхтар Әуезов секілді қазақтың марқасқалары азап шеккен осында.

197Базар әдеттегідей қарбалас тірлікте. Тұтынушы көп. Бірден көкөніс сөрелерін жағаладым. Картоп – 120-130, сәбіз – 100, пияз – 120, қырыққабат – 100, балық түрлеріне қарай 400–800 теңге арасында. Сары май – 500-1000, сұйық май (1 литр) – 250-280, тұз – 50-60 теңге. Ұн өнім­дерінен макарон, вермишель – 140-150, күріш – 200-250 тең­ге. Ал ет павильонында алушы аз екен. Сиыр еті мен қой етінің бәсі бір деңгейде 900-1300 теңге арасында. Тауық еті (1 кг.) – 650-700 теңге. Көкөніс сатушылар ерлі-зайып­ты Асылбек пен Қатира есімді замандастарды сөзге тарт­тым.

– Біз көкөніс түрлерін «Алтын орда» базарынан жет­кіземіз. 30 теңге ғана үстеме қосамыз келісіне. Оның 5 теңгесі жолға кетсе, 10 теңгесі жарамсыз қалдықтарына кетеді. Сонда таза пайда 15 теңгені құрайды. Күндігіне 300-500 кг. көкөністі өткізсек, бізге сол қанағат, бала-шағаның несібесі. Айына 21 мың теңге орынақыға төлейміз. Әрине, көп еңбек жұмсауға тура келеді, – деген олар өз шаруаларымен айналысып кетті.

Ойша есептеп жіберсем, жаман емес екен. Алайда, көп күш-қуатты талап етеді. Есіме осыдан 10 жыл бұрын Алматыға келген бір жерлесім түсті. Ол бүкіл отбасымен жете  сала бірден «Алтын орда» базарынан көкөніс сатуды кәсіп етті. 3-4 жылда көтерме саудаға шықты. Қазір тек қызылша ғана саудалайды екен. Қаланың бірнеше сауда кешендеріне, мейрамханаларына қызылша жеткізеді. Қаскелең жақтан зәулім үй соқты. Ұл-қызын оқытты, аяқтандырды. Қос-қос төрт дөңгелектің төресін мінеді бүгінде. «Келгенде төрт қасық, төрт тәрелкем бар еді, енді, міне, еңбектің арқасында еселеп жейтін болдым», – дейді шіреніп. «Сөйлесе, Мырқымбай сөйлесін» дегендей, несі бар, күшенетіндей жағдайы жеткілікті оның.

 Теңге бекиді, отандық өнімнің нарықтағы қуаты бел алады

Ал енді барған жерін үнемі «бүлдіріп» жүретін доллар мен өзіміздің төл теңгенің бүгінгі қалыптасып отырған арақатынасына келейік. Бұл жерде бүйректен сирақ шығарып, даурыға бермей маманның кеңесіне, пікіріне жүгінген жөн сияқты. Ірі консалтингтік қаржы орта­лығының жетекшісі, еліміздегі бірнеше банктердің кеңесшісі Жомарт Ертаев ақпарат көздерінде қалыптасқан жағдайды былайша сараптайды.

Оның түсіндіруінше, теңгенің 20 пайыз құлдырауынан қорқудың керегі жоқ. Еліміз көк қағаздан таршылық көріп отырған жоқ. Бұрын қалай болды, алдағы уақытта да доллар тасқыны жалғаса беретін болады. Өйткені, әлемдік нарықта мұнай бағасы барреліне 110 доллардың деңгейінде тұрақтап тұр және ол баға өспесе, төмен түспейді. Ал Қазақстанда көмірсутегі байлығы жеткілікті. Әрі экспортқа тұрақты түрде жөнелтілуде. Сұраныс жоғары. Демек, мемлекет қазынасы АҚШ валютасынан тапшылық көріп отырған жоқ. Ал теңгеге келсек, төл валютамыздың қоры соңғы тоқсанда азайды және теңгенің нарықтағы өтімділігі де төмен. Бұдан шығатын қортынды, ұлттық банк белгілеген доллардың курсына сұраныс болмайды да, яғни, көк қағазға ел ішінде қажеттілік азаяды. Меніңше, 1 айға жетпей 1 доллар 180 теңгенің деңгейінде тұрақтап, 3-4 айда 167-170 теңгенің мөлшерінде тізгін тартады.

Көпшілігіміз 2009 жылғы девальвацияны алға тарта береміз. Ол кезде әлемдік нарықта көмірсутегі бәсі 3 есеге дейін құлдырап, мұнайдың 1 баррелі 40 долларға дейін төмендеген. Мәселенің осы жағын естен шығармайық. Расында да, енді еліміздегі өндіріс орындары күш ала бас­тайды. Жалақы тұрақталады. Бүгінгі еліміздің нарығындағы бел алған шет ел өнімдеріне отандық өнімдер қатты бәсекелестік көрсетеді, тіпті, ығыстырып шығуы мүмкін.

«Дастархан» дүкендер желісінің басқарушы директоры Алексей Калашниковтың пайымдауынша, девальвация үрдісі отандық бизнеске әлімжеттік жасай алмайды. Қайта керісінше әсер етуі ықтимал. Менің ойымша, – дейді ол, – біздің тауар жеткізуші әріптестеріміз кейбір тауар өнімдеріне үстеме қосуы мүмкін. Әсіресе, шет елден доллар валюта­сына алынған тауар түрлеріне. Импорттың қымбаттауы заңдылық. Сонымен қатар, жанар-жағармай бәсі жоғары­лауын да назардан тыс қалдыра алмаймыз. Кәсіпорын бас­шылары жұмысшылардың, қызметкерлердің жалақысын көтергені дұрыс деп санаймын. Одан екі жақ та ұтыл­май­ды.

Мамандар қалыптасқан жағдайға осылайша баға беріп отыр. Бәрін алдағы алты ай ішіндегі уақыт көрсетеді. Тек, алаңдаушылықтан ада болайық, ағайын.

Мемлекет басшысы, әсіресе, күнделікті бірінші кезекте тұтынатын азық-түлік, тауар түрлерінің бағамы өсіп кетпеуін ерекше қадағалауға алуды қатаң тапсырды. Тәулік сайын сауда орындарына мониторинг жасап отыруды естен шығармауды ескертті.

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *