Б.Сапарбаев, ҚР Премьер-министрінің орынбасары: «Мемлекет еріктілерге қолдау көрсетуді биыл бастайды»

Бүгін алматылық белсенді жастармен кездескен ҚР Премьер-министрінің орынбасары Б.Сапарбаев үкіметте еріктілерді ынталандырудың тетіктері жасалып жатқанын және ол жоспардың биылдан басталатынын тілге тиек етті.
— Келер 2020 жыл — Еріктілер жылы деп жарияланады. Расында да, еріктілер — жүрек қалауы бойынша көмектесуге дайын тұрған нағыз патриоттар. Биылдан бастап біз оларға шәкіртақы төлеуді бастаймыз деп ойлаймын, — деді ол.
Сонымен қатар Б.Сапарбаев еріктілердің  жұмысында жаңа тәсілдерді енгізу қажеттігін айтты.
— Еріктілер қайырымдылықпен, қоқыс жинаумен ғана шектелмеу керек. Жаңа идеялар мен ұсыныстар қажет. Біз оларды тыңдауға дайынбыз. Оның үстіне, біз еріктілердің Жол картасын жасауды қолға аламыз, ал оған сендердің ұсыныстарың енуі тиіс, — деді Б.Сапарбаев.
Кездесу кезінде жастарды жұмыспен қамту, шығармашылық жоғары оқу орындарындағы білім бағдарламаларының сапасы, ауыл жастарына қолдау көрсету мәселелері көтерілді.
— Мен барлық ұсыныстарды жазып алдым. Біз оларды міндетті түрде қарайтын боламыз. Дегенмен, бүгінде барлығы өздеріңнің қолдарыңда деп ескерткім келеді. Ертең өкініп қалмас үшін бүгін мемлекет беріп отырған мүмкіндіктерді пайдаланыңдар. Жастардың кадрлар резерві жасалады, сендер де соған енулерің мүмкін. Талпыныңдар! — деп түйіндеді сөзін Б.Сапарбаев.
«АҚШАМ-АҚПАРАТ».

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *