Б.Сағынтаев балалар мен қарт тұрғындарды үй жағдайында профилактикалық тексеруден өткізуді тапсырды

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаевтың тапсырмасы бойынша ағымдағы жылдың 2 қарашасынан бастап балалар мен қаланың 65 және одан үлкен жастағы тұрғындарын профилактикалық медициналық тексеруді үйде өткізу кампаниясы басталады.

Бұл туралы Алматы ТА-ның Akimat Live бағдарламасының тікелей эфирі барысында белгілі болды. Қала әкімі Б. Сағынтаев КВИ пандемиясы кезінде науқастарды жоспарлы қабылдаудың қысқаруына байланысты профилактикалық медициналық тексеруді үйде өткізу жөнінде шешім қабылданғанын хабарлады.

Алматы әкімі профилактикалық медициналық тексеру аурудың түрін ерте анықтауға бағытталған халыққа белсенді медициналық көмек көрсету тетіктерінің бірі екенін атап өтті. Сондықтан қарттар мен балаларды үйде профилактикалық медициналық тексеруден өткізу туралы шешім қабылданды.

Емханаларда арнайы құрылған әрі құрамына педиаторлар, невропатологтар, хирургтар, ЛОР-дәрігерлер мен офтальмологтар енген мультидисциплинарлық топтардағы медицина қызметкерлері 2 қарашадан бастап жұмыстарын бастайды. Жалпы практиканың учаскелік дәрігерлері тізім жасайды және медициналық тексерудің уақыты туралы, үйде әрі тексеруге дайын болуыңыз жөнінде алдын ала хабарлайтын болады.

65 және одан үлкен жастағы 80 мыңға жуық қала тұрғындарын, сонымен қатар 100 мыңға жуық балаларды (0-16 жас аралығындағы), оның ішінде әлеуметтік және медициналық ұйымдарда есепте тұрған мүмкіндігі шектеулі балаларды, көпбалалы отбасылардың және әлеуметтік жағынан қорғалатын отбасылардың балаларын және қашықтан оқитын балаларды қамту жоспарланған.

Б.Сағынтаев бұл шараның қала тұрғындарының денсаулығын сақтауға және коронавирустық инфекцияның жаңа толқыны салдарынан қосымша қауіпке ұшырмауларына көмектесетініне сенім білдірді.

Алматы әкімі қаладағы эпидемиологиялық ахуалдың күн сайын өзгеріп отырғанын еске салды. Оның үстіне аурудың өсу тенденциясы байқалады. Егер қыркүйектің соңында — қазан айының басында аурудың максималды төмендеуі байқалып, тәулігіне 3-5 оқиға тіркелсе, ал қазанның үшінші аптасында тәулігіне 44 оқиғаға дейін тіркелді, яғни өсім 9 еседен артық.

Сондықтан Б. Сағынтаев қала тұрғындарын санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға тағы да шақырды. Олар: медициналық масканы кию, әлеуметтік қашықтықты және санитарлық гигиенаны сақтау. Адамдар көп шоғырланған жерлерден аулақ болып, шетелдерге сапар шегуден бас тартқан жөн.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *