Б. Сағынтаев: Алматының зәкірлі инвесторларымен құны ,5 млрд болатын 58 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда

Қала әкімі Б.Сағынтаев ОКҚ өткен брифингте қаланы дамыту үшін инвестиция тартудың шаралары туралы мәлімдеді. Алматы елдегі бизнес жүргізу үшін ең қолайлы аймақ болып табылады.

Doingbusiness қосалқы ұлттық рейтингінің нәтижелері бойынша ел аймақтары арасында Алматы бірінші орынға ие болды.
«Тағы бір ескеретін жәйт – осы жылдың қыркүйек айында Fitch агенттігі біздің қалаға Қазақстанның егемен рейтингі деңгейінде «ВВВ» несиелік рейтингін берді. Ол инвестиция үшін тәуекелдердің төмен деңгейін білдіреді және қала үшін ұзақ мерзімді қаржыландыруды тартуға мүмкіндік береді», – деп атап өтті қала әкімі Бақытжан Сағынтаев.

Ірі зәкірлі инвесторларды тарту үшін оның құрылымында AlmatyInvest құра отырып, «Алматы» ӘКК қызметі қайта құрылды. Бүгінгі күні құны 7,5 млрд. доллар болатын 58 инвестициялық жоба жұмыс істеуде.

«Бізге әлемдік инвестициялық радар картасына кіру қажет. Жақында Алматыда өткен инвестициялық форум инвесторлардың біздің мегаполиске және оның даму жоспарларына деген үлкен қызығушылығын көрсетті. Біз осы бағытта белсенді жұмыс істейміз», – деп атап өтті қала әкімі Б. Сағынтаев.

Естеріңізге сала кетейік, 27 қарашада AlmatyInvestment Forum-2019-ға 700-ден астам іскер топ өкілдері тіркелді, оның ішінде 142-і шетелдік, 126-і Қазақстандағы халықаралық компания өкілдері. Форум қорытындысы бойынша мемлекеттік органдар мен бизнес-қауымдастықтар арасында 2,3 млрд. доллар сомаға ынтымақтастық пен өзара түсіністік туралы 30-дан астам меморандумға қол қойылды.

29.11.2019
Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *