Бұрынғы президенттердің мәселесін май шаммен қарады

Қырғыз парламенті бұрынғы президенттерге тиіспеушілікті жою жөніндегі заң жобасын мақұлдады.

Заң жобасы үшінші оқылымында қабылданып, оны 114 депутаттың 111-і қол­дап, дауыс берген. Қарсы дауыс берген­дердің бірі осы құжаттың авторының бірі депутат Ысқақ Масалиев және Құрманқұл Зулушев конституцияда қаралмағандықтан, ондағы бұрынғы президенттерге тиіспеу жөніндегі 12 бапты қалдыруды қолдады. Алайда, олардың әріптестері Парламенттің келісімімен бұрынғы мемлекет басшы­ларына тиіспеу турасындағы бапты алып тастап, оларды мемлекет басқарған кездегі істеріне орай қылмыстық жауапкершілікке тартуды жақтады.

Қырғызстанда бұрынғы президент мәртебесін Алмазбек Атамбаев пен Роза Отынбаева ғана сақтап қалып, ал Асқар Ақаев пен Құрманбек Бақиевті 2005–2010 жылдардағы төңкеріске орай бұл мәрте­беден аластату  ұйғарылды.

Қ.ИМАН.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *