Бәріміз бір болып біріккен кезде бізге қарсы келер ауру да, қауіп те болмайды

Сәт ТОҚПАҚБАЕВ, мемлекет және қоғам қайраткері, генерал-полковник,
Даңқ және Барыс ордендерінің толық иегері:

– Әлемге келген қауіпті індет адам таңдап жатқан жоқ. Онымен қарапайым халық та, мемлекет басшылары да сырқаттанып жатыр. Өкінішке орай, ел ішін аралаған қауіпті індет біздің ел басындағылар мен мемлекет қайраткерлерін айналып өтпеді. Коронавирустың салқыны Елбасымызға да тимей қоймады.

Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы! Сіз үнемі елмен біргесіз. Дәл осы қиын жағдай да Сіздің халықпен бірге екеніңізді көрсетіп отыр. Сіздің күш-қайратыңызға сенеміз! Амандықта жолығуға жазсын! Ел болып бұл індетті жеңеміз! Өйткені, мұнда тек медициналық дәрі-дәрмек пен әдіс-тәсіл емес, ауызбіршілік, бірлік, тәртіп, ниеттестік  қажет. Біз бәріміз бір болып біріккен кезде бізге қарсы келер ауру да, қауіп те болмайды. Отандастарыма айтарым, Үкімет тарапынан жасалып жатқан іс-әрекетке қолдау білдіріп, тәртіпке бағынайық!

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Оқи отырыңыз!

Close