Бүлдіршіндер жарыса сурет салды

Әсел ДАҒЖАН

Астананың 20 жылдық мерей­тойын алматылықтар Жібек жолы мен Панфилов көшелерінің қиылы­сындағы алаңда екі күн дүркірете тойлады.

Бұл күні мерекелік көңіл-күй іздеп көшеге шыққан алматылықтар ғана емес, шаһардың кішкентай тұрғын­дары – бүлдіршіндер де қызыққа қарық болды. Олар тасжолға өзара жарыса түрлі-түсті суреттер салып, жанды дауыстағы музыкаға билеп, субұр­қақтың суына шомылып, мәз болысты. Ал жастар жағы Art Party ұйым­дастырды. Астананың 20 жылдығына орай Медеу ауданының шеберлері 20 метрлік құрақ көрпе тікті. Қаланың өзге аудандары да мерекені дүбірлетіп өткізді.

Мерекенің екінші күні алаңда цирк өнер көрсетіп, қуыршақ театры қойылым қойды. Үлкен қошеметке ие болған көңілді думан Zoo Show-мен түн орта­сына дейін жалғасып жатты.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *