Бұл – тарихи таңдау болды

Мәди АХМЕТОВ, «Жас Отан» жастар қанаты Алматы қалалық филиалының төрағасы:
– Біз, жастар, сайлаудың жемісті, әрі нақты өткендігіне қуаныштымыз.
Сайлауда салиқалы саясаткер Қасым-Жомарт Тоқаевтың жеңіп шыққанын қуанышпен қабылдадық. Бұл – тарихи таңдау болды.
Ендеше, еліміздің тәуелсіздік тұғыры берік болып, еліміздің байрағы көк аспанда желбірей бергей. Алдағы кезеңде де еліміз Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың көреген басшылығымен көркейіп, гүлдене беретініне сеніміміз кәміл!

Қоғамдағы қандай да болсын жаңалықтың жаршысы, хабаршысы – жастар.

Жастардың ел саясатына көзқарасы, қолдауы ерекше. Табысты болудың ең іргелі, басты факторы білім екенін әркім терең түсіну керек. Жастарымыз басымдық беретін межелердің қатарында білім әрдайым бірінші орында тұруы шарт. Себебі, құндылықтар жүйесінде білімді бәрінен биік қоятын ұлт қана табысқа жетеді»

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *