БҰЛ САЙЛАУДЫҢ МАҢЫЗЫ ЗОР

ҚазҰТУ  Ассамблея бастамасын қолдайды

7Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ-дің ғылыми кеңесінде университет қызметкерлері кезектен тыс ҚР Президент сайлауын өткізу туралы ҚХА ұсынысына қолдау білдірді.

Ғаламдық деңгейде өзекті болып отырған бұл проблема әлемдік саяси жүйенің бөлшегі ретінде Қазақстанды да айналып өтпесі анық. Сондықтан Елбасы бастамасымен «Нұрлы жол» бағдарламасы құрылып, экономика өсімін нығайту үшін барлық жағдай жасалған. «Нұрлы Жол» бағдарламасы, бұл — тек нақты, жете есептелген іс-қи­мыл жоспары ғана емес, бұл – келе­шектің инфрақұрылымына салынған аса ауқымды инвестиция, бұл – жұ­мыс орындары, қарапайым қазақ­стан­дықтардың жайлы тұрмысын сақтап қалу, олардың кемел келешекке деген сенімі, — делінген партияның мәлім­демесінде. Бүгінгі таңда бірлік пен келісімді, тұрақтылықты нығайтудың, қоғам мен мемлекеттің, еліміздің барша азаматтарының күш-жігерін жұмыл­дырудың маңызы орасан. Осыған бай­ланысты, Қазақстан халқы Ассамблея­сын қолдай отырып, Президенттік сайлау өткізу туралы бастама қазақ елі мен халық мүддесіне сай келетін ең дұрыс шешім деп санаймыз.

Президенттік сайлау өткізу  еліміз бен халқымыздың мүддесі үшін өте маңызды, өте жауапты шешім. Бұл – Қазақстанның жарқын болашағы жо­лында қазақстандықтардың күш-жігерін бір арнаға тоғыстыру. Елімізде бірлік, келісім және тұрақтылықты бұрынғыдан да нығайту мемлеке­тіміздің  болашағы үшін маңызды. Бұл – ұзақмерзімді «Қазақстан-2050» Стратегиясын және «Мәңгілік ел» идеясын жүзеге асыра отырып, бірлігі бекем ел болуымыздың тарихи мүмкіндігі болып табылады.

Кезектен тыс Президент сайлауын өткізу туралы бастама – үлкен жауапкершілік. Сол себепті, біз даму жолындағы Қазақстанның келесі бір кезеңнен сәтті өтіп қана қоймай, әлеуметтік-экономикалық жаңғыру және халықтың әл-ауқатын арттыру бағытындағы бастамаларын нәтижелі түрде жүзеге асырады деп ойлаймыз. Бұл сайлауды өткізу саяси тұрақ­тылықты, қазақстандық қоғамдағы ұлтаралық және конфессияаралық ке­лісімді нығайтуға да ықпал жасайды.

Өткен жылдан бері қоғамда, экс­перттік бірлестікте, әлеуметтік желі­лерде, ғаламторда сайлау жүргізу қажет пе? – деген сұрақтар белсенді түрде талқылануда. Әрине, бұл процестен біздің университетіміз тыс қалмады.

Университет ректоры Ж.Әділов: — Бұл бастама Парламент, Үкімет, Ор­та­лық және жергілікті басқару орган­дары жұмылдырылып,  ел ісіне бей-жай қарамайтын барлық азаматтарды, еліміздің патриоттарын осы бір сындарлы сағатта біздің Отанымыз – Қазақстан Республикасының болашақ мүддесі үшін бірігуге шақырады деп сенеміз. Біздің ел тарихымыздағы маңызды кезеңдерде болашақ жастар үшін Елбасымен бірге кемеңгерлік танытып, ең жоғары деңгейде бір­лік­пен, шыдамдылықпен өткен түрлі дағдарыстан шыққан. Осы бағытты ұстана отырып, ұлттық рухты көтеріп, ішкі ынтымақты нығайту қажет. Сондықтан бұл сайлаудың маңызы зор,  – деді сөз соңында.

Қазақстан халқы ассамблеясы Ке­ңесінің кезектен тыс Президент сай­лауын өткізу туралы бастамасын қолдауға арналған жиналысқа про­фес­сорлар, институт директорлары, док­торанттар, магистранттар мен студенттер қатысты.

Римма ЖАНБАЕВА,

ҚазҰТУ-дің

ақпараттық-аналитикалық орталығының бас маманы.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *