Бұл Алаш қозғалысының жоқтауы еді

Мәмбет ҚОЙГЕЛДІ,

тарих ғылымының докторы, академик:

–       Қазір «Ұлы даланың ұлы тұлғалары» деген бағдарлама жүріп жатыр. Оны министрлік қаржыландырады. Оның мақсаты – осындай ашылмаған тұлғаларды ашу. Бұл бағдарлама қабылданар кезде дискуссия болды. Бір топ «ұлы тұлғаларды анықтап алайық, кімдерді ұлы деп айтамыз» деді. Мен соған қарсы тұрдым. «Кім қазақтың тәуел­сіздігі үшін күрескен болса, солардың бәрі – ұлы. Оларды ұлы, ұлы емес деп бөлуге болмайды» дедім. Қазір осындай мүмкіндік туып тұрған­да біз бәрін ашып, танытуымыз керек. Біздің көзге көрінер тұлғаларымыздың бәрі репрессия құрбаны болған. Бұл репрессия, тұлға­ларға қарсы күрес Совет өкіметі қүрылған алғашқы күннен бастап, соңғы күніне дейін бірде ашық, бірде жабық, тоқтаусыз жүріп жатты. Жа­қында бір кітабым шығады, «Я себя совершенно не признаю винов­ным» деген. Ол сөзді айтқан – Махмет Құлмағанбетов деген тұлға…

…Бұл тұрғыдан алғанда Әлихан – ұлт үшін мәңгілік тұлға. Латын Америкасында Симон Боливар деген кісі болды. Сол кезінде айтыпты: «Мен соқамен теңіз жырттым» деп. Өзі Еуропада жоқшылықта өлді. Бұл сөзімен өзінің қызметін нәтиже болған жоқ деп бағалайды. Осы сөзді Әлекең де тірі кезінде айтқан болар еді. Тергеуші: «Сіздің жақын досыңыз болды ма?» дегенде: «Мен сырымды екі-ақ адамға: Ахмет пен Міржақыпқа ғана айтар едім. Совет кезінде, өкінішке қарай, бір-бірімізді көргенде жылаумен болдық», – дейді. Мәскеуде «Шығыс» баспасында жұмыс істегенде Әлекең мен Ахмет «23 жоқтауды» шығарады. Неге бірінші жоқтауды шығарды? Бұл Алаш қозғалысының жоқтауы еді.

(«Жас Алаш», №87, 31.10.2009 ж.)

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *