«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының бос орындарына конкурс жариялайды

Алматы қаласы Автомобиль жолдары басқармасы  «Б» корпусының  мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының бос  орындарына конкурс жариялайды:

Жол инфраструктурасы  бөлімінің бас маманы, лауазымдық жалақысы қызмет атқарған жылдарына байланысты 64063  теңгеден 86485  теңгеге дейін, Д-О-4 санаты, 2 бірлік.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Техникалық ғылымдар және технологиялар саласындағы жоғары  білімі. Мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда ортадан кейінгі техникалық ғылымдар және технологиялар саласындағы білімі барларға рұқсат етіледі.

Қызметтік міндеттері: Жол инфраструктурасы нысандарының құрылысы жайында жеке тұлғалар мен ұйымдардың жүгінулерін қарастыру, авторлық және техникалық қадағалауды жүзеге асыратын ұйымдардың жұмыстарын бақылау, орындалған жұмыс бойынша есеп беру; аналитикалық, ақпараттық материалдарды әзірлеу; мердігер ұйымдарының жұмыстарды орындау мерзімін бақылауда ұстау;  іс қағаздарын жүргізу. Компьютерде жұмыс істей білу және ұйымдастыру техникасын  қолдана білу.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы талаптар: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының Президенті туралы», «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы», «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» Конституциялық заңдарын, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңдарын, осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес облыстардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі.

Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер.

Конкурс Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттік Төрағасының 2013 жылғы 19 наурыздағы № 06-7/32 бұйрығымен бекітілген Бос әкімшілік мемлекеттік лауазымға орналасуға конкурс өткізу және конкурстық комиссияны құру Ережесі негізінде өткізіледі.

Конкурсқа қатысу құжаттары (өкілетті орган белгілеген нысандағы өтініш; 3х4 үлгідегі суретпен өкілетті орган белгілеген нысандағы сауалнама; білімі туралы құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшірмелері; еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшірмесі; Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2010 жылғы 23 қарашадағы №907 бұйрығымен бекітілген (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілердің тізілімінде 2010 жылы 21 желтоқсанда № 6697 болып тіркелген) нысандағы денсаулығы туралы анықтама; Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің көшірмесі; құжаттарды тапсыру сәтінде шекті мәннен төмен емес нәтижемен тестілеуден өткені туралы қолданыстағы сертификат (немесе нотариатты куәландырылған көшірмесі)) қабылдау мерзімі конкурс өткізу туралы хабарландыру ресми бұқаралық ақпарат құралдары бетінде («Вечерний Алматы», «Алматы ақшамы» газеттері), сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік  қызмет істері агенттігінің интернет-ресурсында www.kyzmet.gov.kz және Алматы қаласы Автомобиль жолдары басқармасының ресми сайтында www. uptіad.kz, соңғы жарияланған күнінен бастап 10 жұмыс күннің ішінде мына мекенжайға тапсырылуы тиіс: 050001, Алматы қаласы, Республика алаңы, 4, 472  бөлме.

Кандидаттар сұхбаттасуға жіберілгені туралы хабарланғаннан кейін 5 жұмыс күн ішінде Алматы қаласы Автомобиль жолдары басқармасында сұхбаттасудан өтеді.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объектив­тілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушыларды қатыстыруға жол беріледі.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құрал­дарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (Үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.

Анықтама телефондары: 2716713,  2716547,  факс:2720872.

Электрондық поштаның мекен-жайы: upr.ad@ maіl.ru,

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *