БҮКІЛ ЕЛ ТІЛЕУІҢІЗДІ ТІЛЕП ОТЫР

Болат ОСПАНОВ, қалалық мәслихаттың депутаты, ҚХА мүшесі:

 – Ауру айтып келмейді. Кімге жұғатынын да таңдамайды. Міне, қауіпті індет Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевты да айналып өтпеді. Тұңғыш Президентіміздің тезірек сауығып кетуіне тілектеспін. Денсаулығының жақсы болып, халыққа қалтқысыз қызмет ете беруін тілеймін. Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев әлі де бойында күш-қуаты мол азамат қой. Бүкіл ел тілеуіңізді тілеп отыр.Жалпы еліміз тыныш, жұртымыз аман болсын. Күллі әлемді жайлаған қауіпті вирус елімізді де әбігерге салды. Жұқтырғандар саны күн санап артып жатыр. Басқа түскен қиындықты ел болып бірге еңсерейік. Қанша қауіпті болса да, пандемия да шегінер. Бірақ оған әрине уақыт пен сабыр керек.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Оқи отырыңыз!

Close