БҮГІНГІ ДҰҒА

Уа, Әзиз Раббым!

Адамдарды жамандамауды,

Жақсы-жаман деп алаламауды,

Дұшпандарымды даттамауымды,

Ағайынның ала жібін аттамауымды,

Бауырлардың мінін термеуді,

Досымның кемшілігін көрмеуді,

Қателескенді өсектеп, сөкпеуді,

Жамағаттан бөлініп кетпеуді,

Ырзық-несібемді ысырап етпеуді,

Жетімді мүсіркеп – шектеуді

Ойымнан, бойымнан тазалап

Тура жолыңа беттеуді

Нәсіп ет!

 

(М.Али).

 

Бүгінгі хадис

Ибн Омар (р.а.):

Алла елшісі (с.а.с) адамдардың басын қосқан оты­рыстың соңында мына дұғаларды оқып, бата қылмастан орнынан тұрмайтын-ды. Ол орнынан тұрарда: «Уа, Алла Тағалам! Бізге Өзіңе бойсұнбай кетуден сақтайтын қорқыныш сезімін нәсіп ет! Бізді жұмағыңа жетелейтін бір Өзіңе ғана бойсұнушылықты нәсіп ет!  Бізге фәни дүниенің ауыртпалықтарын болмашы етіп көрсететін шынайы иман нәсіп ет! Уа, Алла Тағалам! Бізге өміріміздің соңына дейін есту және көру қабілетіміздің һәм бойымыздағы күш-қуатымыздың қызығын көруді нәсіп ет! Ажалымыз жеткенше он екі мүшемізге денсаулық, күш-қуат бере гөр! Бізге озбырлық жасағандардан біз үшін өш алып, дұшпандарымызға қарсы күресте бізді жеңіске жеткізе гөр! Бізді дінімізге немқұрайлы қарау арқылы ауыр күнәға батудан және соның салдарынан қасірет шегуден сақтай гөр! Мына жалған дүниені біздің ең үлкен қамымыз және іліміміздің жеткен шегі ете көрме! Сондай-ақ, бізге жаны ашымайтындарды басшы ете көрме!», – деп дұға жасайтын деп айтты.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *