Бүгін Мәскеудің «Лужники» стадионында футболдан ХХІ әлем чемпионаты басталады

Доп додасына дүниежүзінің 32 үздік құрамасы қатысады. Жеребе бойынша олар төрт-төрттен 8 топқа бөлінген:

«А» тобы: Ресей, Сауд Арабиясы, Египет, Уругвай

«В» тобы: Португалия, Испания, Марокко, Иран

«С» тобы: Франция, Австралия, Перу, Дания

«D» тобы: Аргентина, Исландия, Хорватия, Нигерия

«Е» тобы: Бразилия, Швейцария, Коста-Рика, Сербия

«Ғ» тобы: Германия, Мексика, Швеция, Оңтүстік Корея

«G» тобы: Бельгия, Панама, Тунис, Англия

«Н» тобы: Польша, Сенегал, Колумбия, Жапония.

Ойындар Ресейдің 11 қаласында өтеді: Мәскеу, Санкт-Петербург, Калининград, Қазан, Нижний Новгород, Волгоград, Сочи, Саранск, Самара, Екатеринбург және Дондағы Ростов.

1/8 финал ойындары 30 маусым – 3 шілде аралығында өтеді. Ширек финалдар 6-7 шілде күндері болады. Жартылай финал кездесулері 10 және 11 шілдеде ойналады. 14 шілдеде қола жүлде сарапқа салынса, финал 15 шілде күні өтеді. Шешуші кезеңдердің кестесін кейінірек жариялаймыз.

Ал әлем чемпионатына бапкер ретінде команда апарған мамандардың ішінде 6 додаға қатысқан Карлос Алберто Паррейра оқ бойы озық тұр. Ол 1982 жылы Кувейт коман­дасын, 1990 жылы Біріккен Араб Әмірліктерін, 1994 және 2006 жылдары өз Бразилиясын, 1998 жылы Сауд Арабия­сын, ал 2010 жылы Оңтүстік Африка құрамасын жаттық­тырды. Екінші орында – 5 финалдық турнирге команда қосқан серб Бора Милутинович. Ол 1986 жылы Мексика­ны, 1990 жылы Коста-Риканы, 1994 жылы АҚШ-ты, 1998 жылы Нигерияны, 2002 жылы Қытай құрамасын баптады. 4 чемпионатқа барған бес маман тағы бар. Биыл олардың қатарына уругвайлық бапкер Оскар Табарес қосылды.

Бапкерлердің финалдық турнирлерде команда жетек­шісі ретінде өткізген ойындары жөнінен мына кісілер алда тұр:

 

Гельмут Шен (Германия) – 25 (1966, 1970, 1974, 1978)

Карлос А.Паррейра (Бразилия) – 23 (1982, 1990, 1994, 1998, 2006, 2010)           

Луиз Ф.Сколари (Бразилия) – 21 (2002, 2006, 2014)

Марио Загалло (Бразилия) – 20 (1970, 1974, 1998)

Бора Милутинович (Сербия) – 20 (1986, 1990, 1994, 1998, 2002)

Зепп Гербергер (Германия) – 18 (1938, 1954, 1958, 1962)

Энцо Беарзот (Италия) – 18 (1978, 1982, 1986)

Гус Хиддинк (Голландия) – 18 (1998, 2002, 2006)

Ги Тис (Бельгия) – 16 (1982, 1986, 1990)

Анри Мишель (Франция) – 16 (1986, 1994, 1998, 2006)

Лайош Бароти (Венгрия) – 15 (1958, 1962, 1966, 1978)

Оскар Табарес (Уругвай) – 15 (1990, 2010, 2014)

Уолтер Уинтерботтом (Англия) – 14 (1950, 1954, 1958, 1962)

Карлос Билардо (Аргентина) – 14 (1986, 1990)

Франц Беккенбауэр (Германия) – 14 (1986, 1990)

Йоахим Лев (Германия) – 14 (2010, 2014)

Егер Уругвай және Германия құрамалары жартылай финалға шықса, онда Табарес пен Лев алдыңғы үштіктің ішіне енеді.

 

Доп додасының 64 матчын да «Қазақстан» ұлттық арнасы (Қ) мен «Қазспорт» (ҚС) арнасы түгелдей тікелей эфирден көрсетеді. Чемпионаттың топтық кезеңінің күнтізбесі мынадай:

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *