Бүгін еліміз бойынша 21 мыңнан астам тәртіп сақшысы қауіпсіздікті күзетуде

2000-нан астам сақшы адамдар көп жүретін қоғамдық орындарды қатаң бақылауға алады

Бүгін еліміздің барлық өңіріндегі полицейлер күшейтілген жұмыс тәртібіне көшті. Ел қауіпсіздігін күзетуге 21 мыңнан астам тәртіп сақшысы жұмылдырылған,деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі.

Әр аула, әр көше, тіпті қалтарыс-бұлтарыстарға дейін бүгін қатаң бақылауда. Ондағы мақсат – сайлаушылардың алаңсыз, емін-еркін дауыс беруіне жағдай жасау. Және тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Бұл күні еліміз бойынша 10 мың сайлау учаскесі сақшылардың бақылауында.

«Қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін барлық сайлау учаскелерінде патрульдік полиция қызметкерлері жұмыс істейді. Қоғамдық тәртіпті қоруға 21 мыңнан астам сақшы жұмылдырылады. Мұндай қауіпсіздік шарасын бірінші рет ұйымдастырып отырған жоқпыз. Бұл ¬– әр сайлау кезінде болатын дәстүрлі жұмыс», – дейді ҚР Ішкі істер министрі Ерлан ТҰРҒЫМБАЕВ.

Алматының тәртіп сақшылары да бұл күні күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр. Әрбір сайлау учаскесінің маңына екі-үш полицейден күзетке қойылып, олар кірпік қақпай қоғамдық тәртіпті бақылап тұр.

Айта кетсек, алматылық полицейлер 12 маусымға дейін осындай күшейтілген режимде жұмыс істейді. 2000-нан астам сақшы әсіресе адамдар көп жүретін қоғамдық орындарды қатаң бақылауға алады.

«Сайлау күні қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету мақсатында сайлау учаскелерінің төңірегінде тәртіп сақшылары күшейтілген режимде жұмыс істейді. Яғни бұл – қандай да бір заңсыз іс-әрекеттерді болдырмауға, сонымен қатар қоғамдық тәртіпті сақтауға және ұсақ-түйек құқық бұзушылықтарды айқындауға бағытталған іс-шара», – дейді Алматы қаласы ПД ресми өкілі Салтанат ӘЗІРБЕК.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *