БҮГІН АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖӘРМЕҢКЕЛЕРІНІҢ КҮЗГІ МАУСЫМЫ АШЫЛАДЫ

Алматыда қатарынан үш апта бойы, нақтырақ айтқанда — 13, 20 және 27 қазан  күндері көршілес облыстардың  қатысуымен кеңейтілген ауыл шаруашылығы жәрмең­келері  өтеді.

Бүгін «Атакент» алдындағы алаңқайда  күзгі шаралар маусымын  Алматы облысының   тауар өндірушілері  ашатын болады.

Қала тұрғындарына  жалпы көлемі 240 тоннаға тең   өнімнің  45 түрі ұсынылады. Олардың ішінде  19 тонна ет және балық өнімдері, 125 тонна жеміс-жидек, 6 тоннадан астам сүт өнімдері және тағы басқа да  тауарлар бар.

Жәрмеңкелік  бағалар   қалыптасқан дәстүрге  орай  орта нарықтық бағадан 15-20 пайыз арзан екенін естеріңізге саламыз. Мәселен, бір келі қой еті — 1300 теңге, тауық еті – 610 теңге болса, картоптың  бір келісін  – 75 теңгеден алуға болады.

Кеңейтілген ауыл шаруашылығы өнімдерінің  жәрмеңкелері  қалалық­тарды қолже­тімді бағада сатылатын  сапалы  және әр түрлі  өнімдермен  қамтамасыз ету  мақсатын  көздейді.

Алматы  қаласының  ауыл  шаруашылығы және  ветеринария  басқармасы.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Оқи отырыңыз!

Close