Б.БАЙБЕК, Алматы қаласының әкімі, «Нұр Отан» партиясы қалалық филиалының төрағасы: ӘР БАЛАҚАЙ МЕРЕКЕНІ СЕЗІНЕ БІЛУІ КЕРЕК

ddd_1118

Айнабай МӘДИ

Алматы қаласының әкімі, «Нұр Отан» партиясы қалалық филиалының төрағасы Бауыржан Байбек қоғамдық қабылдау аясында азаматтарға қабылдау өткізді.

Партия филиалы төрағасының жеке қабылдауы кезінде Саңырау, есту қабілеті кем мүгедектер мәдениет үйінің директоры Жанар Бектұрғанова кемтар жандардың іс-шара мен репитиция өткізуі үшін ғимараттан орын ұсынуға, құлағы мен көзі дімкәс 400 балаға жаңажылдық сыйлық алуға көмектесуін сұраған болатын. Шаһар басшысы репитиция өткізетін орын қарастыру мен сыйлық жайын өзі тікелей қадағалауға алатынын айтты. Енді, балалар жаңажылдық нақты тұтынымға орай, арнаулы сыйлықтар: кітаптар, кеңсе тауарлары мен ойыншықтар алатын болды.

– Біз мекен-жай бойынша көмектесіп тұрамыз, ҰОС ардагерлерін, түрлі топтағы мүгедектерді, арнаулы күтімдегі балаларды, көп балалы аналарды қолдаймыз. Биыл бір мезгілгі төлемге ақшалай қаражат бөлініп, 100 мыңнан астам адамды қамтыдық. ҮЕҰ-мен бірге көмектесеміз, сіздердің балаларыңыз өздерін еркін сезінетініне сенімдіміз. Әр балақай мерекені сезіне білуі керек. Біз міндетті түрде көмектесеміз, ғимараттан орын ұсыну жағын қарасты­рамыз, – деп атап өтті Алматы қаласының әкімі, партия филиалының  төрағасы Бауыржан Байбек.

Елена Волкованың газбен  жабдықтау магистральды желісіне қосылу жөніндегі өтініші де өз шешімін табатын болды.  Брюллов көшесіндегі жеке үйлердің тұрғындары 2014 жылдан бері газбен қамтылмаған. Әкімнің айтуынша, газ жүйесінің құрылысы аяқталған. Бүгінде табиғи газ босататын жабдықтар жөнделуде, 25 желтоқсанға таман іске қосылады.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *