БҰҰ-ға Эболамен күресу үшін дәрігерлер қажет
Біріккен Ұлттар Ұйымына Эбола вирусымен күресу үшін дәрігерлер қажет, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.
Мамандар қажет екені туралы хабарлама БҰҰ ресми сайтында орналастырылған. Онда әйел адамдарға басымдық берілетіні айтылыпты.
careers.un.org сайтында жалдау процессінің кез келген кезеңінде өтінішті қарастыру үшін ешқандай алым алынбайтыны хабарланған. Бос орындар арасында жұқпалы аурулар бойынша медициналық қызметкер, зертханалық техник және медбикелер мамандықтары қолжетімді.