Азық-түлік дүкендері мен дәріханалар ғана жұмыс істейді

Рая ЕСКЕНДІР

Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз орталығында қала әкімінің орынбасары Сапарбек Тұяқбаев, қалалық полиция департаменті әкімшілік полиция басқармасының басшысы Жандос Мұратәлиев, Алматы қаласы бойынша тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының орынбасары Наталья Дягилеваның қатысуымен бизнес нысандарының жұмыс форматтарының өзгеруіне арналған брифинг өтті. Алғашқы сөз кезегін алған қала әкімінің орынбасары Сапарбек Тұяқбаев:
– Қаламызда бірнеше кәсіпкерлік нысандары өз жұмыстарын тоқтатқаны белгілі. Бұл әсіресе сауда және қызмет көрсету салалары бойынша айрықша байқалып отырса, ертеңнен бастап бұл шектеулердің ауқымы кеңейе түскелі отыр. Мұндай қадамға баруымыздың себебін өздеріңіз де байқап отырсыздар. Бұған дейін жұқпалы дерт шетелден келген азаматтардан шығып жатқан болса, ендігі жерде қарым-қатынас арқылы жергілікті тұрғындар арасынан да шыға бастады. Сондықтан біздің басты мақсатымыз індеттің алдын алып, мейлінше қарым-қатынасты азайтуға күш салу. Індеттен құтылудың ең төте жолы да осы, – деген қала әкімінің орынбасары қызмет көрсететін салалардың да өз қызметтерін тоқтататынын жеткізді. Мәселен, химиялық тазалау, кір жуу орындары, фотоателье, фото-салондар, оптика, ломбардтар, жылжымайтын мүлік агенттіктері, көлік жуу орындары, гүл сататын дүкендер, техникалық жөндеу орталықтары және т.б. өз жұмыстарын тоқтатады. Мейрамханалар мен кафелер шектеулі тәртіпке сай жұмыс істейтін болады. Олар тапсырыс бойынша тағамдарды арнайы жеткізіп бермекші. Бұл адамдардың сыртқа шықпауы үшін ең қажетті сақтық шаралардың бірі. Қазіргі жағдайда тек азық-түлік сататын орындар ғана өз жұмыстарын жалғастырады.               – Қаладағы азық-түлік нысандары мен дәріханалар, медициналық қызмет көрсететін орындар ғана штаттық ережеге сай жұмыс істейтін болады. Бұл арнайы құрылған штаб пен Ұлттық комиссияның шешімі деді, – деді С.Тұяқбаев. Қаладағы төтенше жағдай ережесіне сай ойын-сауық орталықтары, интернет-клубтар, караоке, бильярд залдары, аквапарктер, фитнес залдары, бассейндер, спорт залдары, солярий, сұлулық салондары мен SPA-салондар да жабылады.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *