АЗЫҚ-ТҮЛІК БАҒАСЫ БАҚЫЛАУДА

Мәншүк БЕКБОСЫН
Бірінші қажеттіліктегі тауарлардың бағасы көтерілмеу керек. Ол үшін қаладағы 29 сауда нысандарында баға мониторингі тұрақты түрде жүргізіледі. Сонымен қатар, сауда нысандарымен бағаны негізсіз көтеру фактілері бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу де күн тәртібіндегі мәселе. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз орталығында өткен брифингте қалалық Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы басшысының орынбасары Қарлығаш Әбдіжаббарова мәлімдеді.
— Қазіргі уақытта қаланың тұрақтандыру қорында 2,5 мың тонна өнім қоры бар. Соның ішінде өсімдік майы – 699 литр, қант – 1,5 мың тонна, қарақұмық жармасы – 348 тонна. Бұл тауарлар маусымдық ауытқулар кезінде халыққа төмендетілген бағамен сатылатын болады. Айта кету керек, тұрақтандыру қоры тек отандық өндіріс өнімдерінен тұрады, – деді Қарлығаш Әбдіжаббарова.
Бұдан өзге, апта сайын қаланың бес ауданында (Алмалы, Әуезов, Бостандық, Жетісу, Түрксіб) демалыс күндері ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтіп тұрады. Ал күзде Алматы, Жамбыл және Түркістан облыстарының ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің қатысуымен «JidekFest», «ArbuzFest», «AlmaFest», «BalFest»  сынды жәрмеңкелер, сондай-ақ алты кеңейтілген жәрмеңкелер өткізу жоспарланған.
– Сиыр етін бірден қаланың сауда орындарына жеткізу үшін ет өндірушілермен ұзақ мерзімді келісім-шарт жасау жоспарланған, – деді Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы басшысының орынбасары.

КЕРЕК ДЕРЕК
Жыл басынан бері Алматыда  әлеуметтік маңызы бар 14 тауар бағасының көтерілгені байқалды. Атап айтқанда, пияз (159,7%), сәбіз (147%), күріш (124,7%), картоп (123,2%), сиыр еті (116,4%), сары майдың (114,7%) бағалары өсті. Ал қырыққабат (17,2%), сүзбе (9,8%), қант (7%), сүттің (0,9%) бағасы керісінше төмендеген.
Бағаның өсуіне өткен жылғы өнім қорының азаюы, астықтың қымбаттауы, сондай-ақ сатып алу құнының қымбаттауы себеп болған.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *