ҚазИТУ студенттерінің тың жобасы

Қазақстан инженерлік-технологиялық университетінде Жастар жылы аясында Абай Құнанбаевтың 175 жылдық мерейтойы қарсаңында әзірленген «ҚазИТУ студенттерінің жеті ниет түрткісі» жобасының таныстырылымы болды. Жоба университет ректоры Г.Сәрсенбекованың бастамасымен қолға алынған болатын.

Жобаның басты мақсаты – «Рухани жаңғыру» үрдісінің мазмұндық және идеялық арқауын Абайдың рухани мұрасымен байланыстыра отырып, Абай тағлымын оның «Кемел адам» концепциясын ұлттық құндылықтардың арқауы етіп, соның негізінде оқу-тәрбие үдерісін жаңа сапалық деңгейге көтеру.

Университетіміздің белсенді студенттері, «Алтын белгі» иегерлері – Қабдоллаева Толғанай, Есеркенова Сабина, Мұсақызы Жәния, Оразбаева Меруерт әзірлеген «ҚазИТУ студенттерінің 7 ниет түрткісінің»  әр бөлімінің жастарға берері мол.

«Адам боламын десең, халыққа пайдам тисін десең – оқы!»

«Егер ғаламды түсінгің келсе, алдымен өзіңді таны!»

«Ғылымды, ақылды сақтайтын  сауыт –мінез!»

«Ізгіліктің ірге тасын әділдікпен қала!»

«Естілердің сөзін ескеріп жүрген адам өзі де есті болады!»

«Ұят – адамшылығыңның алды болсын!»

«Өсек, өтірік, мақтаншақ,

Еріншек, бекер мал шашпақ.

Бес дұшпаның білсеңіз.

Талап, еңбек, терең ой,

Қанағат, рақым ойлап қой –

Бес асыл іс, көнсеңіз.

Абайдың қара сөздерін арқау етіп, ниет-түрткінің басты бағыты етіп алынған тәрбиесі мен тағлымы мол бұл жобаның жастардың рухани санасының дамып, тұлға болып қалыптасып, қоғамға пайдасын тигізетін білімділікке, көрегенділікке шақырып, ізгілікті жолға бастары сөзсіз.

Меруерт БАТАЙ,

ҚазИТУ студенттік баспасөз қызметінің жетекшісі.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *