Қазіргі жағдайда дәрігерлердің айтқанын тыңдауымыз керек

Бибігүл Төлегенова, Халық әртісі:

—  Президентіміздің дәрігерлердің жалақысын көтеру туралы бастамасын қуана құптап, бір марқайып қалдым. Адам жанының арашасы болып жүрген ақ халатты абзал жандардың әлеуметтік жағдайын баяғыда жасауымыз керек еді. Әлемді шарпыған індетпен бетпе бет келіп, науқастарды құтқару үшін отбасын, бала-шағасын айлап көрмей, үйіне бармай жүрген жандарға Қаһарман атағын беру керек. Олардың еңбегін індет кезінде ғана бағаламауымыз керек. Мен үшін дәрігерлердің еңбегі ұшан теңіз. Дәрігерлердін көмегі, шапағаты болмаса 90-ға келмес те едім. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың дәрігерлер туралы айтқанын естіп, көрсетіп жатқан көмегі туралы тыңдадым. Бұл марапаттың бастамасы, бастауы деп ойлаймын. Қазіргі жағдайда барлығымыз дәрігерлердің айтқанын тыңдауымыз керек. Індетті жеңу үшін, тақымымызды қысып, сақтық шараларын жасап, үйде отырайық. Әсіресе, жастарға айтарым, дәрігерлерді сыйлаңдар. Олардың еңбегін бағалай білейік!

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Оқи отырыңыз!

Close