Қажы аналар өткiзген дөңгелек үстел

Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбардың туған күнiне арналды Мәулiт мерекесi қазiр қаланың мәдени орындарында да аталып өтуде. Алматыдағы №14-кiтапханада Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбардың туған күнiне орай дөңгелек үстел өттi. Iс-шараны Алматыдағы Қажылар қауымдастығы ұйымдастырды. ҚР бiлiм беру iсiнiң үздiгi, Қазақ ұлттық әдеп-ғұрып, салт-дәстүр академиясының профессоры, қалалық Қажылар қауымдастығының төрайымы Жақсыгүл Шәрiпханқызы жастарға Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбар өмiрiнен үлгi, өнеге боларлық әңгiме айтты. Ахмет Иасауидiң хикметiнен үзiндiлер келтiрдi. Мерекелiк басқосуда қажы аналар: Қазақстан Қажылар қауымдастығының төрайымы Майра Iлиясова, көмекшiсi Балапан, Нұр-Мүбәрәк Египет Ислам университетiнiң кiтапхана меңгерушiсi Халбибi, «Дүние толқын» газетiнiң қызметкерi Баян, Бостанық ауданынан Биғайша, Оқушылар сарайының бөлiм меңгерушiсi Роза, тағы басқа да ақ жаулықты аналар мен оқырмандар имандылық, адамгершiлiк, ибалылық жөнiнде сөз қозғады. Пайғамбарға салауат айтылды, хадистер оқылды. Бұл отырыс кiтапхана жанынан жаңадан құрылған «Өнеге» клубының бiрiншi отырысы болатын. Отырыс осылайша тартымды өттi. Келген қонақтар ризашылықтарын бiлдiрдi.

Ғайша САХИЕВА, кiтапхана қызметкерi.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *