ҚАЗАЗ САХНАСЫНЫҢ ҚҰЛБАЕВЫ

Театр өнері қай кезеңде болмасын өнердің бастау бұлағы, адамзатқа әсемдікті паш ететін өнердің ішіндегі таза өнер. Халықтың  рухани өрлеуіне, Ұлы Даланың рухын асқақтатуына көркемдік қызмет атқарып келе жатқан осынау қасиетті өнердің саңлақтарының еңбегі өлшеусіз. Арамызда жүрген өнердің біртуар тұлғаларының,  сұлулықтың символын паш ететін мәдениет ошағы – театрға бүкіл өмірін арнаған қадірлі ұстаз, театр актері Аман Құлбаев биыл 70 жылдық мерейтойына орай сұхбаттасқан болатынбыз.

–  Аман Бекенұлы, ең алдымен Сіздің қазақ театрының Құлбаевы болып қалыстасуыңызға өз ықпалын тигізген өнегелі, өрелі ұстаздарыңыз жайлы әңгімелеп берсеңіз.

— Ұзтаздың еңбегінің қадыр-қасиеті өз алдына үлкен мектеп болғанын жыл өткен сайын ұлылығын ардақтай отырып еске аламын. Мен бүгінгі естелігімде Т.Қ.Наурызбаеваның ұстаздық еңбекке адал, шәкірттерін балаларындай жақсы көре отырып атқарар іске келгенде қатал өр мінезділігімен бірге инабатты, мәдениетті де байсалдылығы Театр өнері факультетінің өркендеуіне үлкен үлес қосқандығын айтып, әруағына бас иіп, жатқан жері жайлы болсын дегім келеді.

Шығармашылықтың технологиясы немесе психологиясы туралы жазатындардың бәрі, шығармашылық материалы әрекет, ол өзінен-өзі белгілі жәйт, аксиома болып қалыптасқан, соның өзінен «жүргізуші» – әрекет етуші адам сөзі шыққаны белгілі. Сахнадағы рөлдегі адам (актер) көрерменнің алдында шынында, не істеп тұрады? Ол әрине, тек қана әрекет етеді: жүреді, сөйлейді, салғыласады, бірдеңе жасайды, ойлай да алады, яғни талқылап, шешім қабылдап, сол әрекеттердің бәрін атқарады, содан соң күйзеле алады, жақсы көреді, жек көреді, яғни қалай дегенде де сезім түйсігіне ерік бере алады, өзінің көңіл-күйін қандай да бір әрекетпен жеткізе алады.Ұстаздықтың  толассыз ой толқыны шығармашылық мектептің қозғаушы қызыл шоғы нәтижелі еңбекке жетелеуі бек анық. Әрбір жылдардан соң келесі шығармашылық курстың бір-біріне ұқсамайтын даралығы мен жастықтың асау толқыны әркез білгеннің үстіне үстемелеп қабылдауы һәм шығармашылықтағы ұмтылыс күші ұстаздың еңбектен білім мен біліктілікті, талап пен талғам таразысына түсіп отыруы үлкен заңдылық теоремасы. Бірде сахнада шәкірттерімен қазақ, орыс, Европа, Азия халықтарының классикалық шығармаларымен көрерменіне жол тартса, бірде бүгінгі күн жастар өмірімен де көрерменін қауыштырып жүрді. Мысалы, атақты Мольердің «Сараң», М.Әуезовтің «Еңлік-Кебек», А.Арбузовтың «Жестокие игры», Қ.Шаңғытбаевтың «Беу, қыздар-ай!», т.б. Міне, осындай репертуарлар топтама­сында қаншама актерлер халқына таны­мал, көрермендердің көзайымы болып атақтарға ие болды. Олар: Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығы­ның иегері И.Лебсак, Бақыт Аитова, Кеңес Нұрланов, Бақытжан Әлпейісов, Төлеген Жангельдинов, Гүлнәр Ералиева, Жанат Чайкина, Көңбай Төлеубек, т.б. Иә, өткінші өмірдің  өкініші мен өксігі, жақсы­лығы мен қуанышты сәттері табиғаттың төрт амалындай бірге жүрген соң жер басып жүрген жұмыр басты адамзаттың шарасыз­дығындағы тағдырдың тауқыметіне бас ию шығар. Қамшының қысқа сабындай аз да болса, қазақ сахна педагогикасының дамып-өркендеуіне өзінің салмақты үлесін қосып үлгерген, шәкірттерін сахнаның шыңына шығарып салған Татьяна (Арша­гүл) Қасымқызының атқарған еңбегін әлі де зерттеп, зерделеу керек-ақ.

— Сіз актерлік мамандыққа қарағанда «менің клоун болғым келді» үнемі айтып отырасыз. Бұл мамандықтардың қандай құпиясы бар?

— Менің өнер жолына келуіме клоун болуға деген қызығушылығым сеп болды. Клоунның мықтылығы айтайын ба? Ол сол сәтінде көрген адамының болмысын, психологиясын айнытпай салып береді. Ал, оған үлкен шеберлік керек. Өзі өте сирек мамандық. Соны аңсап, мен Жамбылдан Алматыға келген болатынмын. Бірақ консерваторияда ол мамандық болмады. Содан құрылыс техникумына түсіп кеттім. Ондағы ойым қалай да Алматыда қалу болатын. Сөйтіп жүргенде Асқар Тоқпанов көріп қалып, актерлік оқуға түсіп кеттім. «Қазақконцертке» жетелеп алып барған Роза Бағланова болатын. Онда жүргізуші болдым. Әскерге барып-келген соң, кафедраға шақырып алды. 3-курстан бастап Шәкен Аймановтың жетекшілігімен жас Абайды сахнаға алып шықтым. Содан бері өнер деп жүргенімізге 45 жыл болды. Әлі жүрміз. 70-ке келдік. Демалысқа жібермей жатыр “Театр өнері” факультеті – академиядағы ең үлкен факультет. 1971 жылы Құрманғазы атындағы Өнер институтының “Драма театры және Кино актері” мамандығын бітірген соң, 1973 жылдан бері ұстаздық қызмет жолындамын. Кезінде театр факультеті консерваториядан бөлініп шыққанда 28 жасымда сол факультетке декан болып, өз алдымызға жеке театр және көркемсурет институты боп құрылғанбыз. Бірте-бірте Өнер академиясына айналдық. Қазір академияның түлектері, ұстаздық құрамы, дербестігі жағынан Орта Азиядағы ең үлкен рухани мектеп боп қалыптасты. Мәмбетов, Ноғайбаев, Жантөрин, Байсеркенов, Обаев – әрқайсысы өздерінің курстарын алып, дәріс оқып, оқу орнының үлкен өнер ордасына айналуына ықпал етті. Қаншама шәкірттер дайындап шығарды. Өнер академиясында Қазақстаннан бөлек Қырғызстан, Өзбекстан, Вьетнам, Моңғолиядан келіп, оқу оқыған жастар болды. Қытайда тұратын қазақ жастары әлі де көп келеді.

— Аман Бекенұлы, шәкірттеріңіздің нағыз шынайы теар актері болып қалыптасу үшін шынайы талантына әлде әрекеттке ұмтылатын қарым-қабілетіне, осы екеуінің қайсысына көбірек назар аударасыз?

— Менің «Талант деген өңделмеген жауһар сияқты» деген ұстанымға берік ұстазбын. Актер болу тек таланттан ғана тұрмайды. К.Стани­славскийдің сөзімен айтсақ, «тоқсан тоғыз пайыз еңбек, бір пайыз талант» демекші, болашақ актерді өнердің қыр-сырынан хабар беріп, түп-тамырына енгізу, өз бойындағы талантын мүмкіндігінше артты-руға, жарқырата көрсете білуге үйрету бір қарағанға ғана оңай шаруа.   Актердің  сыры мен сымбатының келісті де көркем болуына, ішкі сезімнің сыртқы иірімдерін жеткізуде қисынды әрекет атқара білуіне еңбек сіңіріп жүрген жан. Ұстаз ретінде әрекеттен тыс адамның қозғалысы бола қалса, тек қозғалыс аппараты физиоло­гия­сын зерттеу кезінде ғана кездесетін құбы­лыс екенін жақсы біледі. Еркін деп атала­тын қозғалыс көбіне әрекеттерді көрсету үшін жасалатынын, соның арқа­сында мінез көрсетілетінін, сондықтан да қозға­лыстардың қасиеті осы әрекеттерден кейін ғана көпшілікке түсінікті болаты­нын көптеген ғылыми мақалаларда «Сахна қозға­лысы» пәнінен  сабақ бергенде түсіндіріп отыра­мын. Шындығында да адамның қозғалысы белгілі бір мақсатты мәселені шешу үшін бағытталған әрекеттер арқылы тарату тәсілін қолданады. Сондықтан да оның соңғы болмысын және мазмұнын әрекет айқындайды. Талант еңбекпен шыңдалады.

Аман Бекенұлы, биыл 70 жасқа толып отырсыз, қазақ өнеріне не бере алдыңыз деп ойлайсыз?

— Оқу бітіріп, әскерге барып келген кезімнен бері өзімнің білім алған өнер ордама қайта жұмысқа орналастым. Ұстаздық қабілетімді қатар алып  жүруді мақсат еткенімді байқаған Қазақстанның Халық артисі А.Тоқпанов, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, профессор Р.Қаны­баевалар оны актер шеберлігі кафедра­сында жұмыс істеуге ұсыныс білдірді. Осылайша ұстаздық тізгінін ұстау арқылы   ұлттық өнер майталмандарын даярлау үдерісіне бар ынта-жігерімен араласып келемін.

Бәрімізге белгілі, өткен жиырмасын­шы ғасырдың жетпісінші жылдары ғана өнер мамандарын оқыту-тәрбиелеу жолға қойылып, білім берудің бағдарламалық негіздерін жалғастыруды жетілдіргім келеді. Қазіргі Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер академиясының Театр өнері факуль­тетінен кейінгі ашылған факультеттердің ұйысуына, білімді жастармен жасақталуына, студенттердің дұрыс әрі жан-жақты оқуына бар жағдайды жасауды жалғастырғым келеді. Неге десеңіз,  еңбекқорлық пен табандылық текке кетпейді, әлі де тындырар маңызды істер өте көп. Ленинградтағы (қазіргі Санкт-Петербург қаласы) Мемлекеттік Театр және музыка, кинематография институтында кәсіби білімін тереңдетуі оның маман ретінде біліктілігін ғана арттыру арқылы өзімнің жаңа шығармашылық болмысымды өзгерттім.  «Озық теория – озық практикадан бой көтереді». Теория – практиканың ізін баспай, ілгеріден төбе көрсетіп оқ бойы озық тұрса, бағыт бағдар сілтеп, көркемдік жол нұсқаса ғана өзінің іліми міндетін адал атқарып шығады деп ойлаймын.

— Сахна – бұл Сіздің өміріңіз, осы сахна арқылы ұлтты тәрбиелеу туралы айтқаныңыз бар еді…

— Қазақ сахнаны киелі санайды. Өйткені, өресі биік көрерменге ой салар жер осы. «Жаһандану деп қазіргі методика мың түрленсе де, бәрібір Станиславскийдің салып берген сара жолына жетері жоқ. Әлі өміршең. Ең дұрыс бағыт екендігін дәлелдеп келеді» — деген ойларын, осы өмірден түйген парасат-пайымын тәлімгерлеріне, шәкірттеріне ғажап философиялық деңгейге көтеріп келеді. Әрбір студентке сахна мәдениетін үйретуде рухани байлықтың алдында ешбір бар мен жоқтың кедергі келтірмейтіні, рухтың биік болуы ол үшін ең басты қағидаларының бірі деп санаймын. Және оларға ұлт тұлғасы болуға әрбір қарапайым қазақ азаматының құдыреті жетеді.

Жалпы, қасиетті сахна мен экран төрінен  жүрегі сырға, көкірегі жырға толы романтикалық, қаһарман кейіпкерлерді ғана емес, ішкі жан дүниелері қарама-қайшылыққа толы сан-алуан бейнелерді сомдап өмірге әкелу менің ең басты ұстанымым.

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *