«АЗАТ РУХТЫҢ АЛДАСПАНДАРЫ»

атты дәстүрлі музыкалық концерт өтеді

«Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ-ның (@cіsc_offіcіal) мемлекеттік гранты аясында ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен жүзеге асырылу үстіндегі «Дәстүрлі руxани құндылықтарды қолдау жөніндегі жұмыстарды ұйым­дас­тыру» жобасы бойынша «Адырна» ұлттық этнографиялық бірлестігі (@adyrna.kz) «Азат рухтың алдас­пандары» атты музыкалық концертін өткізбекші.

 

Ән кешінде негізінде ұлт азаттық жолында құрбан болған, атылған, абақтыға жабылған, жер айдалып қудаланған халық композиторларының шығармалары орындалады.

Концерт барысында «Ұлттық құнды­лықтар – ұлт қорғаны» мақалалар байқауының жеңімпаздары марапат­талады.

Сазсырнайдың сазын, күңіренген қобыздың, домбыраның дүбірлі үнін тыңдап, құлақ құрышын қандырғыңыз келсе, 20 қараша күні, сағат 15.00-де, Ғылым ордасының үлкен залына келіңіздер!

Алдаспандарымызды ұлықтайық, ағайын!

Кіру тегін.

Қосымша ақпарат: 8 747-933-91-09.

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *