«Азаматтық бақылау» әлеуметтік жобасы аясында Қоғамдық қабылдау жұмыс істейді

 

 

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Керемет» жастар ресурстық орталығының «Азаматтық бақылау» әлеуметтік жобасы аясында Қоғамдық қабылдау ашылды. Кез-келген азамат мемлекеттік билік органдары мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының лауазымды тұлғалары тарапынан жем­қорлық деректеріне тап болса, сондай-ақ мемлекеттік қызметтерді көрсетуді, соның ішінде құжаттарды рәсімдеу кезінде лауазымды тұлғалар тарапынан созу фактілер бойынша әль-Фараби атындағы ҚазҰУ Қоғамдық қабыл­дауына жүгінсеңіз болады.

Азаматтарда сыбайлас жемқорлық туралы ақпараттар пайда болған жағ­дайда және олар қабылдау комис­сиясына жол­данғанда – «Қоғамдық бақылау» тара­пынан өтініштер қабыл­данып, қажетті кеңес беріліп,   ақпа­рат құқық қорғау органдарына жі­беріледі. Бұл жолдаудың орындалуына «Қоғамдық бақылау» қыз­меткерлері жауапты болып, шағымданған әрбір азаматқа қолдау көрсетіледі.

Тек бірлесе отырып, әрі халықтың араласуы арқылы сыбайлас жемқорлық дертінен толықтай арыла аламыз. Сон­дай-ақ, ақпарат көздері мен оны жіберген азаматтардың аты-жөні құпия түрде сақталынады. Уақыттары тапшы азамат­тар арыздарын электронды түрде жөнелте алады. Ол үшін хаттарды Қоғамдық қа­былдаудың  obshestvo. prіem@gmaіl. com. электрондық мекен-жайына жол­дау­ларыңызды сұраймыз.

Мекен- жайымыз: Алматы қаласы, әл-Фараби данғылы 71,  ГУК-3 (Заң фа­ку­­льтеті), байланыс телефондары: +77078078688, +77074630570, 8(727)221-12-55.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Оқи отырыңыз!

Close